Бұқаралық ақпарат құралдары үшін "Нұрлы Жер "тұрғын үй құрылысының 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы" тақырыбы бойынша брифинг

Бұқаралық ақпарат құралдары үшін "Нұрлы Жер "тұрғын үй құрылысының 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы" тақырыбы бойынша брифинг

          2021 жылғы 27 мамырда Көкшетау қаласында Ақмола облысы ішкі саясат басқармасының Өңірлік коммуникациялар қызметі залында бұқаралық ақпарат құралдары үшін "Нұрлы Жер "тұрғын үй құрылысының 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы" тақырыбында брифинг өткізілді.

          Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық құрылыс басқармасы басшысының орынбасары Елена Искакова Ақмола облысында халықты тұрғын үймен қамтамасыз етудің "Нұрлы Жер" мемлекеттік бағдарламасының барлық бағыттары жүзеге асырылып жатқанын хабарлады. Биыл 208,4 мың шаршы метр тұрғын үйді немесе 3061 пәтерді пайдалануға беру жоспарланып отыр. Бүгінгі таңда ауданы 128 мың ш.м. 44 тұрғын үйдің немесе 1982 пәтердің құрылысы жүргізілуде.

          Ағымдағы жылы Ақмола облысында тағы 1692 жер телімін инженерлік желілермен қамтамасыз ету жоспарлануда. Барлығы 2018-2021 жылдар аралығында Ақмола облысында 3302 жер учаскесін инженерлік желілермен қамтамасыз ету жоспарланған жөнінде Е.Искакова түсіндірді.

          "Нұрлы жер" бағдарламасын іске асыру кезеңінде Ақмола облысында 17 мыңнан астам отбасының тұрғын үй жағдайы жақсарды деп басқарма орынбасары Е.Искакова түйіндеді.