Жұмыс сапарымен Сандықтау ауданының Балкашино ауылына бардым

Жұмыс сапарымен Сандықтау ауданының Балкашино ауылына бардым

Бүгін, яғни ағымдағы жылдың 26 мамырында Сандықтау ауданындағы жалға берілетін тұрғын үй құрылысының барысымен танысу мақсатында жұмыс сапарымен Балкашино ауылына мен бардым. Сапар барысында Сандықтау ауданының құрылыс бөлімі Тапсырыс беруші болып табылатын Балкашино ауылындағы екі 36 пәтерлі тұрғын үйдің құрылыс алаңында болдым.

          Құрылыс-монтаж жұмыстарын "Казбайлык-Астана"ЖШС мердігерлік ұйымы жүргізуде. Жер қазу жұмыстары және іргетас блоктарын монтаждау жүргізілді, қазіргі уақытта бірінші қабаттың қабырғаларына кірпіш қалау жүргізілуде.

          Сондай-ақ, жоғарыда аталған мердігер ұйым 2020 жылы аталған нысанның құрылысына кіріскен 45 пәтерлі тұрғын үйдің құрылысын араладым. Жер қазу жұмыстары және таспалы темір-бетон іргетастарды орнату жүргізілді, бүгінгі күні екінші қабаттың қабырғаларына кірпіш қалау жүргізілуде.

          Бұл жалға берілетін үйлер халықтың әлеуметтік осал топтарына арналған. Оларға республикалық және облыстық бюджеттен қаражат бөлінді.