Степногорск өңіріндегі әлеуметтік нысандар құрылысы қарқынды жалғасуда

Степногорск өңіріндегі әлеуметтік нысандар құрылысы қарқынды жалғасуда


Ақмола облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы өңірдегі маңызды инфрақұрылымдық және әлеуметтік жобалардың жүзеге асуын тұрақты бақылауда ұстап отыр. Степногорск қаласы мен жақын маңдағы елді мекендерде жүргізілген тексеріс барысында құрылыс жұмыстарының ілгерілеуі сараланды.
Степногорск қаласында бой көтеріп жатқан ірі дене шынықтыру-сауықтыру кешені (ФОК) басты назарда. «АК «Алтыналмас» АҚ қолдауымен жүзеге асып жатқан бұл нысан бұқаралық спортты дамытуға серпін береді. Кешен құрамында:
• 320 орындық трибуналары бар әмбебап спорт залдары;
• Заманауи жүзу бассейні;
• Бокс, күрес, гимнастика және үстел теннисіне арналған арнайы аймақтар қарастырылған.
Бестөбе кентінде де ФОК және ашық спорт кешенінің құрылысы қатар жүргізілуде. Тексеру нәтижесінде мердігерлерге нысандарды белгіленген мерзімде аяқтау үшін жұмыс қарқынын күшейту тапсырылды.
Сонымен қатар, тұрғындарды баспанамен қамту мақсатында әрқайсысы 45 пәтерден тұратын үш тұрғын үйді қалпына келтіру жұмыстары аяқталу кезеңінде. Негізгі құрылыс жұмыстары тәмамдалып, соңғы реттеу жұмыстары жүргізілуде. Тексеру барысында келесі мәселелер анықталды:
• Құдық деңгейлерін нақтылау;
• Кіреберіс аймақтарды толық аяқтау;
• Жылу жүйелерін оқшаулау жұмыстарын жетілдіру.
Тұрғын үйлерді пайдалануға беру жақын уақытта жоспарланған. Кейін нысандар кезекте тұрған азаматтарға бөлу үшін «Отбасы банк» АҚ-ның қарауына беріледі.