
Ақмола облысында 14 Денсаулық сақтау нысанының құрылысы аяқталды:
Степняк қаласында ауысымда 200 адам қабылдайтын емханамен біріктірілген 45 төсек-орындық аурухана;
"Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту" пилоттық ұлттық жобасы шеңберінде 10 амбулатория Жарылыкөл, Шалқар, Жаңаесіл, Арнасай, Старый Колутон, Партизанка, Алтынды, Киров, Пятигорское, Пригородное ауылдарында салынды;
"Ауыл-Ел бесігі" бағдарламасы аясында Торғай, Максимовка және Новосельское 3 ауылда амбулаториялар салынды.