2025 жылдың соңына дейін Ақмола облысында 33 әлеуметтік нысанның құрылысы аяқталды

2025 жылдың соңына дейін Ақмола облысында 33 әлеуметтік нысанның құрылысы аяқталды

2025 жылдың соңына дейін Ақмола облысында 33 әлеуметтік нысанның құрылысы аяқталды, оның ішінде:

- 7 білім беру нысаны

(1128 оқушысы бар 5 мектеп және 600 оқушысы бар 2 жатақхана)

- 14 денсаулық сақтау нысаны

(45 төсектік аурухана Степняк қаласындағы ауысымына 200 адам қабылдайтын емханамен, «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық пилоттық жобасы бойынша 10 дәрігерлік амбулаториямен және «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы бойынша 3 дәрігерлік амбулаториямен біріктірілген)

- 7 спорт нысаны

(Көкшетаудағы көпфункционалды кешен, Щучьедегі көпфункционалды спорт сарайы, Зерендідегі спорт мектебі, Макинск қаласындағы бассейн, Красный Яр, Бозайғыр, Қорғалжындағы 3 спорттық сауықтыру орталығы)

- 5 мәдениет нысаны

(Жібек жолы ауылындағы демалыс орталығы, Көкшетау қаласындағы «Төңкерісшілер» саябағы, 3 мәдениет үйі, Кенесары, Вознесенка ауылдарында және Щучье қаласында)