Ерейментау ауданы Торғай ауылында жаңа дәрігерлік амбулатория ашылды

Ерейментау ауданы Торғай ауылында жаңа дәрігерлік амбулатория ашылды

Бүгін Ерементау ауданы Торғай ауылында "Ауыл-ел бесігі" бағдарламасы аясында салынған жаңа дәрігерлік амбулаторияның салтанатты ашылуы өтті.

Іс-шараға Ақмола облысының әкімі М.Ахметжанов, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, медицина қызметкерлері мен ауыл тұрғындары қатысты.

Аталған медициналық мекеме осы елді мекеннің тұрғындарына ғана емес, жақын маңдағы Торғай, Нижний Торғай, Балықты, Қарағайлы, Жаңа- Жол және Қызылту ауылдарының тұрғындарына да қызмет көрсететін болады

Жаңа амбулатория өңірде медициналық қызмет көрсету сапасын арттырады деп күтілуде.