
2025 жылғы 20 қарашада Бурабай ауданының Щучинск қаласында облыс әкімі М.М. Ахметжановтың, жергілікті атқарушы органдар өкілдерінің және қала тұрғындарының қатысуымен көпфункционалды спорт сарайының салтанатты ашылуы өтті.
Жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеу және нысанның құрылысы 2020 жылы басталды, көпфункционалды спорт сарайы Щучинск қаласының тұрғындарын әртүрлі спорт түрлерімен айналысуға, спорттық секциялардың оқу-жаттығу сабақтарын өткізуге және жарыстарды ұйымдастыруға арналған. Жобада спорт кешенінің құрылысы көзделген , онда спорт сарайының жалпы өткізу қабілеті ауысымда 235 адам, оның ішінде: - баскетбол / волейбол / қол добы - 48/64/24 адам; бокс - 25 адам; күрес - 25 адам; аэробика залы және ОФП - 25 адам; теннис - 16 адам; спорт залы-30 адам; бассейн-50 адам.
Бүгінгі таңда құрылыс-монтаж жұмыстары 100% аяқталды. Нысанды пайдалануға беру 2025 жылдың қараша айында жоспарланған.
Бас мердігер - "Авторемстрой ЛДТ" ЖШС.
Авторлық қадағалау - "ПроСтройКонсалтинг"ЖШС
Техникалық қадағалау - "Сартөбе"ЖШС