
2025 жылғы 20 қарашада Ақмола облысы Бұланды ауданы Макинск қаласында облыс әкімі М.М. Ахметжановтың, жергілікті атқарушы органдар өкілдерінің және қала тұрғындарының қатысуымен жүзу бассейнінің салтанатты ашылуы өтті.
Осы жоба Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын экологиялық, санитарлық-гигиеналық, өртке қарсы және басқа да нормалардың талаптарына сәйкес келеді және адамдардың өмірі мен денсаулығы үшін объектіні қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз етеді. Бассейн Ақмола облысы Бұланды ауданы Макинск қаласындағы Бұланды БЖСМ ғимаратында орналасқан. Ғимарат екі негізгі нысаннан тұрады – бассейн және спорт залы, олардың әрқайсысында көмекші бөлмелер бар. БЖСМ 1990 жыл салынған. 2014 жылы "Құрылыс, сәулет және қалақұрылысы басқармасы" ММ объектіні жаңғырту және оны заманауи талаптарға сәйкестендіру мақсатында жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу басталды. Нысанды 2025 жылдың қараша айында пайдалануға беру, бұл қала тұрғындарына спортпен шұғылдану және денсаулықты нығайту үшін заманауи жағдайларға қол жеткізуді қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.