Меню

Страницы

Статья

2024 жылдың мемлекеттік қызмет көрсету мәселесі бойынша «Ақмола облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы» мемлекеттік мекемесі қызметінің есебі

2024 жылдың мемлекеттік қызмет көрсету мәселесі бойынша                    «Ақмола облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы» мемлекеттік мекемесі қызметінің есебі

 

  1. Жалпы ережелер

 

Көрсетілетін қызметті беруші туралы мәліметтер – «Ақмола облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Басқарма).

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат:

мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің саны – 3 мемлекеттік қызмет:

«Дін қызметі саласындағы ғибадат үйлерін (ғимараттарын) салу және олардың орналасатын жерін айқындау туралы шешім беру», «Үйлерді (ғимараттарды) ғибадат үйлері (ғимараттары) етіп қайта бейіндеу (функционалдық мақсатын өзгерту) туралы шешім беру», «Объектілерді кейіннен кәдеге жарату (құрылыстарды бұзу) жөніндегі жұмыстар кешенін жүргізуге шешім беру)»;

www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің саны" - 3;

тегін және (немесе) ақылы негізде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің саны

3 мемлекеттік қызмет - тегін;

қағаз және (немесе) электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің саны:

3 мемлекеттік қызмет – электрондық түрде (толық автоматтандырылған);

бекітілген мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарының саны:

мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттары «Діни қызмет саласында мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2020 жылғы 31 наурыздағы № 97 бұйрығымен, «Объектілерді кейіннен кәдеге жарату (ғимараттар мен құрылыстарды бұзу) жөніндегі жұмыстар кешенін жүргізуге шешім беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2021 жылғы 29 сәуірдегі №202 бұйрығымен бекітілген.

Барынша талап етілетін мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат.

2024 жылы көрсетілген қызмет саны: дін қызметі саласындағы ғибадат үйлерін (ғимараттарын) салу және олардың орналасатын жерін айқындау туралы шешім беру- 3, үйлерді (ғимараттарды) ғибадат үйлері (ғимараттары) етіп қайта бейіндеу (функционалдық мақсатын өзгерту) туралы шешім беру – 0, объектілерді кейіннен кәдеге жарату (ғимараттар мен құрылыстарды бұзу) жөніндегі жұмыстар кешенін жүргізуге шешім беру қағидаларын бекіту туралы – 0, мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту - 0.

 

 

  1. Көрсетілетін қызметті алушылармен жұмыс

 

Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер.

Қызметтерді көрсету тәртібін түсіндіретін стандарттар мен ақпарат уәкілетті органның https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-ust/activities/directions?lang=ru, интернет-ресурсында орналасқан, сондай-ақ Көкшетау қаласы, Абай көшесі, 89 мекенжайы бойынша орналасқан «Ақмола облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы» ММ «Мемлекеттік қызмет» стендінде орналастырылған. Мемлекеттік қызмет туралы ақпарат сондай-ақ, мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөнінде бірыңғай байланыс-орталығының 1414 телефоны бойынша ұсыныла алады.

Мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар (түсіндіру жұмыстары, семинарлар, кездесулер, сұхбат және басқалар).

Ресми интернет-ресурста, Facebook, Instagram әлеуметтік желілерде басқарма парақтарында көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат тұрақты негізде орналастырылады.

2024 жылы басқарма көрсететін мемлекеттік қызметтер бойынша 6 тікелей эфир өткізілді:

https://www.instagram.com/reel/C3XM5K2sc3M/?igsh=MWV2Y2d1cXEwb2Fncw  https://www.instagram.com/reel/C7giIMtMAlA/?igsh=MWFobTNiaWliNGllaQ== https://www.instagram.com/reel/DAVhepOscby/?igsh=MTI2cGdpajFneGpkeA==  https://www.instagram.com/reel/DBvpSifs3WE/?igsh=MWMyMHdwc2h5OGQ5dg== https://www.instagram.com/reel/DC3vJ1YMZpb/?igsh=MWFzaHAzZHlnM2F4MQ==  https://www.instagram.com/reel/DDg8EK8sKfS/?igsh=MWpsemc4c3I1YWgwaA==  

 

 

  1. Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін жетілдіру

                                              жөніндегі қызмет                           

 

Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелері.

Көрсетілетін мемлекеттік қызметтер «электрондық үкімет» www.egov.kz веб-порталы арқылы қолжетімді.

Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шаралар.

Мемлекеттік қызмет көрсетуге жауапты мамандар тиісті заңдарды, ережелерді, әдістемелік ұсыныстарды, мемлекеттік қызмет стандарттарын зерделеу арқылы өздерінің білім деңгейін арттырады.

Мемлекеттік қызметтер көрсету процесстерін нормативтік-құқықтық жетілдіру жаңа бекітілген НҚА бойынша өткізіледі.

Мемлекеттік қызметтер көрсетуге тартылған басқарма қызметкерлерінің барлық компьютерлері Қазақстан Республикасы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2019 жылғы 25 қарашадағы № 322/НҚ бұйрығымен бекітілген біріздендірілген жұмыс орнына қойылатын талаптарға сәйкес келеді.

 

  1. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау

 

2024 жылы мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша қызмет алушылардан басқармаға шағымдар түскен жоқ.

 

  1. Мемлекеттік қызметтер көрсетудің келешекте одан әрі тиімділігіне және сапасына қызметті алушылардың қанағаттануын арттыру.

 

Басқармамен қызметті алушылардың мемлекеттік қызметтердің сапасына қанағаттануы мақсатында стендте, уәкілетті органның интернет-ресурсында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат орналастырылды, қажет құжаттарды дайындау және күту уақытында көрсетілетін қызметті алушылар  үшін жағдай жасалды (күту үшін креслолар, құжаттарды дайындау үшін орындар, толтыру үлгісімен қажет құжаттардың тізбесі).

Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында 2024 жылға келесі іс-шаралар жоспарланған:

мемлекеттік қызметтерді уақытылы көрсету бойынша күнделікті мониторинг жүргізу;

көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдарын уақтылы қарауды қамтамасыз ету, өтініштер үшін негіз болған себептер мен жағдайларды жою бойынша түпкілікті шаралар қабылдау;

 

 

 

«Электрондық үкімет» порталы арқылы танымал әлеуметтік желілер, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы мемлекеттік қызметтерді алу мүмкіндіктері туралы халықтың хабардар болуын қамтамасыз ету.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңнаманың бұлжытпай сақталуын қамтамасыз ету мәселесі басқарманың тұрақты бақылауында.

 

Дата публикации
25 февраля 2025
Дата обновления
25 февраля 2025
Тип
Есеп

Сейчас читают

Есеп
25 февраля 2025
2024 жылдың мемлекеттік қызмет көрсету мәселесі бойынша «Ақмола облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы» мемлекеттік мекемесі қызметінің есебі
Есеп
23 февраля 2024
2023 жылдың мемлекеттік қызмет көрсету мәселесі бойынша «Ақмола облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы» мемлекеттік мекемесі қызметінің есебі
11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық

Социальные медиа

Ақмола облысының құрылыс басқармасы
Управление строительства Акмолинской области

Меню подвал

Экран дикторы
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Мемлекеттік рәміздері
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты
Терминдер мен қысқартулар
Тұрақты даму мақсаттары
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы