«Ақмола облысының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы» ММ басқармада анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелерін жария талқылау туралы хабарлайды.
Ақмола облысының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңына сәйкес сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың себептері мен жағдайларын анықтау және зерделеу мақсатында 2025 жылғы сәуірде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізуді жоспарлап отыр.
Барлық мүдделі тұлғалар жұмыс тобының құрамында Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдауға қатыса алады.
Талдауға қатысу мәселелері бойынша ұйымдастыру – құқықтық жұмыс бөлімінің бас маманы Гүлназ Қаныбекқызы Айтымға 2025 жылғы 1 мамырға дейінгі мерзімде келесі телефон нөмірлері бойынша хабарласуға болады: 8(7162)72-28-01, 8(7162)72-28-06 (қабылдау бөлмесі).