Ақмола облысының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы аталған әкімдік қаулысының жобасын Қазақстан Республикасының «Өсімдіктер карантині туралы» Заңына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 29 маусымдағы «Қазақстан Республикасы аумағын карантиндік объектілер мен бөгде түрлерден қорғау қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес әзірледі. Жоба Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі АӨК мемлекеттік инспекция комитетінің Ақмола облыстық аумақтық инспекциясының 2025 жылғы 28 наурыздағы №2799 ұсынысы негізінде дайындалды. Жобамен толығырақ «Ашық НҚА» порталында келесі сілтеме арқылы танысуға болады: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15518741