Биыл өңір диқандары 5,4 миллион гектар жерге жаздық дақылдар егуді жоспарлап отыр бұл өткен жылмен салыстырғанда 52 мың гектарға артық. Ауыл шаруашылығы алқаптарын әртараптандыруға басымдық берілуде: майлы дақылдар көлемі 430 мың гектарға дейін ұлғайса, көкөніс, картоп және мал азығы дақылдары да көбейеді.
Күнтізбе бойынша мамыр басталды бұл егіннің болашағы шешілетін жауапты кезең. Қазіргі таңда негізгі міндеттердің бірі топырақта қыстан жиналған ылғалды сақтау. Қазірдің өзінде 128,9 мың гектар жерде ылғал жабу жұмыстары аяқталды, бұл жоспардың 4,4 пайызын құрайды. Ал 3,2 мың гектарда себу алдындағы өңдеу жұмыстары жүргізілді.
Биыл өңірдің агроөнеркәсіптік кешенін қолдауға 200 миллиард теңгеден астам қаражат қарастырылған: оның ішінде 63,3 миллиарды субсидияға, шамамен 140 миллиарды жеңілдетілген несие мен форвардтық сатып алуға бағытталған. «Кең Дала» және «Кең Дала 2» бағдарламалары желтоқсан айынан бастап жұмыс істеп тұр, бүгінде аграрийлер 71,5 миллиард теңге көлемінде жеңілдетілген несие алды.