Аграрлық несие корпорациясы агроөнеркәсіп кешені саласындағы операторлық сақтандыру қызметтерін көрсету жұмысын жалғастыруда.
15-сәуірде дәнді дақылдарды құрғақшылықтан сақтандыруға өтінім қабылдау аяқталды.
Майлы дақылдарды сақтандыруға өтінім қабылдау 2025-жылдың 30-сәуіріне дейін жалғасады.
Барлық қажетті ақпаратты Kezekte.kz порталынан алуға болады, өтінімді де Kezekte.kz порталынан Qalqan онлайн-сақтандыру сервисі арқылы беруге болады.