Жеке қосалқы шаруашылық-ауылдық жерде және қала маңындағы аймақта орналасқан жер учаскесінде өз қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін қызмет түрі
Қазақстан Республикасының азаматтарына жеке қосалқы шаруашылық жүргізу үшін ауылдық елді мекендердің жерлерінен жер учаскелері беріледі.
Жеке қосалқы шаруашылық жүргізуге арналған жер учаскесі үй жанындағы және далалық учаскелерден тұрады.
Үй жанындағы учаске ауылдық елді мекендердің шекараларында (шегінде) беріледі және Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасына сәйкес ауыл шаруашылығы өнімін өндіру, сондай-ақ тұрғын үй, шаруашылық-тұрмыстық құрылыстар салу үшін пайдаланылады.
Дала телімі ауылдық елді мекендердің жерлерінен елді мекеннің аумақтарын жер-шаруашылық орналастыру жобасына сәйкес не әкімшілік бағынысқа берілген аумақта беріледі және тек ауыл шаруашылығы өнімін өндіру үшін пайдаланылады.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген жеке қосалқы шаруашылық жүргізу үшін берілетін жер учаскесін бөлу түрі кент, ауыл, ауылдық округ әкімінің жер учаскесіне құқық беру туралы шешімінде және жер учаскесіне сәйкестендіру құжатында көрсетіледі.
ҚР Жер кодексінің 50-бабының негізінде, сауда-саттықта (аукциондарда) сату үшін ұсынылатын жер учаскелерінің тізбесіне енгізілген жер учаскелерін қоспағанда, жер учаскелері Қазақстан Республикасының азаматтарына жеке меншікке мынадай мөлшерде тегін беріледі:
- ауылдық жерлердегі жеке қосалқы шаруашылықты (үй жанындағы және далалық учаскелерді қоса алғанда) жүргізу үшін-Суарылмайтын жерлерде 0,25 гектар және суармалы жерлерде 0,15 гектар.
Баяндалғанды қорытындылай келе, жеке қосалқы шаруашылық жүргізу үшін жер учаскелерін жеке меншікке тегін беру жер учаскелері игерілгеннен кейін ғана жүргізілетінін атап өткен жөн. Игеру кезеңінде көрсетілген мақсаттар үшін жер учаскелерін беру уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығымен жүргізіледі.