ҚР Жер кодексінің 92-бабына сәйкес, егер шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізуге арналған жер учаскесі пайдаланылмау фактісі алғаш анықталған кезден бастап бір жыл ішінде мақсаты бойынша пайдаланылмаса, онда мұндай жер учаскесі Жер Кодексінің 94-бабында көзделген тәртіппен мәжбүрлеп алып қоюға жатады.
Жер учаскесін пайдаланбау фактісі анықталған сәт жер учаскесінің меншік иесіне немесе жер пайдаланушыға Қазақстан Республикасы Жер заңнамасының талаптарын бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілген күн болып есептеледі.
ҚР БҚ 92-бабының 3-тармағында көзделген жер учаскесін мақсаты бойынша пайдаланбау кезеңінде еңсерілмейтін күштің салдарынан жер учаскесін мақсаты бойынша пайдалануға болмайтын уақыт енгізілмейді.
Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін берілген жер учаскесін мақсаты бойынша пайдаланбау жағдайларына мыналар жатады:
1) егістікте-ауыл шаруашылығы дақылдарын егу үшін жер учаскесін өңдеу жөніндегі жұмыстарды жүргізбеу;
2) шабындықтарда-жер учаскесінде шөп шабуды жүргізбеу, оның арамшөптермен, бұталармен, ұсақ ормандармен толып кетуі және шөптің тозуының өзге де белгілерінің болуы;
3) жайылымдарда-жайылымға арналған ауыл шаруашылығы жануарларының болмауы не олардың агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті орган белгілеген Жайылымдардың жалпы алаңына жүктеменің шекті жол берілетін нормасының елу пайызынан аз мөлшерінде болуы және (немесе) жем дайындау мақсатында шөп шабудың болмауы;
4) көпжылдық екпелерде – есептен шығарылған көпжылдық екпелерді күтіп-баптау, жинау және тамырын жұлу жөніндегі жұмыстарды жүргізбеу.
ҚР Жер кодексінің 94-бабының негізінде Жер кодексінің 92 және 93-баптарында көзделген жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардан жер учаскелерін мәжбүрлеп алып қою жер учаскесінің орналасқан жері бойынша жерді пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын органдардың талап қоюы бойынша сот тәртібімен жүргізіледі.
Баяндалғанды қорытындылай келе, барлық ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін жер учаскелерін нысаналы мақсаты бойынша пайдалануға шақырамыз.