2024 жылғы 12 қазанда "ТӘУЕЛСІЗДІК" алаңында ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді

2024 жылғы 12 қазанда "ТӘУЕЛСІЗДІК" алаңында ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді

Көкшетау қаласында, 2024 жылғы 12 қазанда «ТӘУЕЛСІЗДІК» алаңында Ақмола облысының Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілерінің қатысуымен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді.
Аталған жәрмеңкеде облыстың (Аршалы, Ерейментау, Егіндікөл, Есіл, Жақсы, Жарқайың, Зеренді, Қорғалжын, Целиноград аудандары, Көкшетау қаласы) және «Көкшетау» ӘКК АҚ тұрақтандыру қорынан ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер сатуға 60 тоннадан астам экологиялық таза, жаңа өнім ұсынады.
Облыс фермерлері ет және шұжық өнімдерін, жаңа піскен балықты, жұмыртқаны, сүт және сүт өнімдерін, ұнды, картопты, көкөністерді, сондай-ақ шөп пен басқа да өнімдерді әкеледі.
Жәрмеңкеде табиғи бал, консервіленген өнімдерді сатып алуға болады.
Қала тұрғындары мен қонақтары тауарларды нарықтық бағадан 10-15% төмен бағамен сатып ала алады.