Ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу саласындағы оң динамика

Ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу саласындағы оң динамика

Ауыл шаруашылығының негізгі бағыттарының бірі ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу болып табылады. Ақмола облысында азық-түлік өндірісінің көлемі оң динамиканы көрсетеді.

Мәселен, облыс бойынша өндірістік қуаттылығы жылына 128,9 мың тонна ет өңдейтін 16 кәсіпорын, өндірістік қуаттылығы жылына 149,0 мың тонна сүт өнімдерін өндіретін 15 кәсіпорын, өндірістік қуаттылығы жылына 955,5 мың тонна ұн тартатын 28 кәсіпорын, өндірістік қуаттылығы жылына 138,0 мың тонна майлы дақылдарды өңдейтін 8 кәсіпорын бар.

Ағымдағы жылдың өткен кезеңінде облыс аумағында 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 104,3% өсіммен 52,6 млрд. теңге сомасына азық-түлік өндірілді.

 Тамақ өнімдерін өндіру құрылымындағы негізгі үлесті ет өңдеу саласы – 48,7 %, сүт өңдеу саласы – 13,5 %, өсімдік майы - 17,1 %, астық өңдеу саласы - 9,0 %, нан және нан – тоқаш өнеркәсібі – 1,9 %, өзге салалар - 8,9 % құрайды.

Сондай-ақ, облыс бойынша жыл сайын сүт-тауар фермаларының саны артып, жұмыс істеп тұрған фермалардың қуаты кеңеюде. Мәселен, азық-түлік белдеуі шеңберінде инвестициялық жобалар белсенді іске асырылуда. Биылғы жылы АӨК саласында 41 инвестициялық жоба, атап айтқанда астық қоймаларын, СТФ, ет фермаларын, құс фабрикаларын, сұйық тыңайтқыштарды сақтауға, ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеуге, суаруға, жем-шөп өндіруге арналған қойма салу жоспарланған.