Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілерден өтінімдер қабылдау

Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілерден өтінімдер қабылдау

«Ақмола облысының Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы» ММ Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 13 сәуірдегі № 137 бұйрығына сәйкес, «көктемгі егіс және егін жинау жұмыстары кезеңінде мұнай өнімдерінің көлемін қалыптастыру және бөлу қағидаларының» 2-тарауының 3-тармағына сәйкес дизель көлемін қалыптастыруға өтінімдерді қабылдау туралы хабардар етеміз.

Егін жинау жұмыстарын жүргізуге дизель отынының көлемін қалыптастыруға ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілерден (АШӨӨ) өтінімдерді қабылдау 2024 жылғы 1-20 мамыр аралығында Gosagro.kz порталда өтетін болады.