"АгроКокшетау 2024" ауыл шаруашылығы көрмесі

"АгроКокшетау 2024"  ауыл шаруашылығы көрмесі

2024 жылғы 19 сәуірде Көкшетау қаласында «2024 жылғы көктемгі дала жұмыстарына дайындық барысы туралы» тақырыбында облыстық агрокеңес өтеді.

Бұдан басқа, аталған іс-шара шеңберінде жыл сайынғы «АгроКокшетау 2024» мамандандырылған ауыл шаруашылығы көрмесі ұйымдастырылады, онда заманауи ауыл шаруашылығы технологиялары, жоғары өнімді техника, ветеринарияның инновациялық әзірлемелері, селекциялық жетістіктер ұсынылады, сондай-ақ өсімдік шаруашылығы және мал шаруашылығы бойынша семинар өтеді және бос орындар жәрмеңкесі көрсетіледі. Бұл іс-шара жағалаудың тұрақ аумағында (Көктем шағынауданы, 9/1 мекенжайындағы BOLASHAQ saraiy ғимаратына қарама-қарсы) өтеді.