Тағамдық жұмыртқаны субсидиялау

Тағамдық жұмыртқаны субсидиялау

Жұмыртқа туралы хабарландыру

 

Тағамдық жұмыртқаны субсидиялау.

 

Ақмола облысының Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2022 жылғы 16 маусымдағы № 197 бұйрығына сәйкес, өңірдің құс фабрикаларының назарына 2022 жылғы 1 шілде күні  сағат 15:00-ден бастап Субсидиялаудың бірыңғай мемлекеттік ақпараттық жүйесінің gosagro.kz порталында «Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және  өнім сапасын арттыруды субсидиялау» бюджеттік бағдарламасы шеңберінде тағамдық жұмыртқа өндірісінің құнын арзандатуға өтінімдер қабылдау басталатынын жеткізеді.

Барлық туындаған сұрақтар бойынша 87162903015 телефонына хабарласуға болады.