Ақмола облысының Ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің назарына

Ақмола облысының Ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің назарына

Барлық бағдарламалар бойынша хабарландыру

 

Ақмола облысының Ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің назарына

 

Ақмола облысының Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы Ақмола облысының Ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің назарына Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің тапсырмасына сәйкес, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Субсидиялаудың gosagro.kz бірыңғай мемлекеттік ақпараттық жүйесін әзірлегенін жеткізеді. ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі осы платформаны іске қосу, инвестициялық салымдар кезінде агроөнеркәсіптік кешен субъектісі шеккен шығыстардың бір бөлігін өтеу бойынша субсидиялау бағдарламасынан басқа, ауыл шаруашылығы саласын субсидиялаудың барлық бағдарламалары бойынша ағымдағы жылдың 1 шілдесінен бастап іске қосуды жоспарлап отыр. Инвестициялық салымдар кезінде агроөнеркәсіптік кешен субъектісі шеккен шығыстардың бір бөлігін өтеу бойынша субсидиялау бағдарламасын қосу ағымдағы жылдың 1 тамызына жоспарланған.

Барлық туындаған сұрақтар бойынша 1475 нөмірі бойынша колл-орталыққа және gosagro@minagri.gov.kz электрондық поштаға хабарласуды сұраймыз.