Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы

Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы

Ақмола облысының Ауыл шаруашылығы басқармасы қосымша қаражат бөлінуіне байланысты Ақмола облысы әкімдігінің мал шаруашылығы саласындағы субсидиялар көлемдерін бекіту туралы қаулысына өзгерістер енгізілгенін хабарлайды.

Осыған байланысты, Субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде бюджетке тиісті өзгерістер 2021 жылғы 27 тамыз сағат 15:30-ден бастап енгізіледі.

Бұл ретте, асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларының (Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 15 наурыздағы № 108 бұйрығымен бекітілген) 17-тармағына сәйкес резервке (күту парағына) түскен өтінімдер бойынша оларды кері қайтарып алуды және белгіленген тәртіппен қайта беруді жүзеге асыру қажет.