«Мал шаруашылығы саласындағы субсидиялар көлемдерін бекіту туралы» Ақмола облысы әкімдігінің қаулысы жобасы туралы баспасөз хабарлама

«Мал шаруашылығы саласындағы субсидиялар көлемдерін бекіту туралы» Ақмола облысы әкімдігінің қаулысы жобасы туралы баспасөз хабарлама

Ақмола облысының ауыл шаруашылығы басқармасы асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығы өнімінің өнімділігін және сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларының 6-шы тармағына сәйкес, әкімдік қаулысының осы жобасын әзірледі. Жоба аталғат мақсаттарға 2021 жылға бюджеттен бөлінген қаражаттарды мал шаруашылығы саласын дамытуға арналған мемлекеттік бағдарламалардың мақсаттары мен көрсеткіштеріне сәйкес субсидиялау бағыттарына бөлуді қарастырады. Жобамен «Ашық НҚА» порталында мына сілтеме арқылы толығырақ танысуға болады https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=6138253