2026 жылғы 15 мамырдағы № А-5/203 «2026 жылға субсидияланатын пестицидтердің, биоагенттердің (энтомофагтардың) тізбесін және пестицидтердің, биоагенттердің (энтомофагтардың) 1 литріне (килограмына, грамына, данасына) берілетін субсидиялар мөлшерлерін бекіту туралы» Ақмола облысы әкімдігінің қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы» қаулысының жобасына

Ақмола облысы әкімдігінің аталған қаулысының жобасын Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 30 наурыздағы № 107 бұйрығымен бекітілген Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларының 64-тармағына сәйкес Ақмола облысының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы әзірледі.

Қаулының жобасы 2026 жылға арналған субсидияланатын пестицидтердің, биоагенттердің (энтомофагтардың) тізбесіне және пестицидтердің, биоагенттердің (энтомофагтардың) 1 литріне (килограмына, грамына, данасына) берілетін субсидиялар мөлшерлеріне өзгерістер мен толықтыру енгізу мақсатында әзірленді.

Қаулы жобасын қабылдау 2026 жылға арналған субсидияланатын пестицидтердің, биоагенттердің (энтомофагтардың) тізбесін және тиісті субсидиялар мөлшерлерін өзектендіруге мүмкіндік береді. Қаулының жобасымен толығырақ «Ашық НҚА» порталында мына сілтеме бойынша танысуға болады: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15903251.