
Вице-премьер – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Қосшы қаласында Ақмола облысының фермерлерімен кездесті.
Ақмола облысы – еліміздің жетекші аграрлық өңірінің бірі. Өңір өніміндегі ауыл шаруашылығының үлесі – шамамен 15%. 2025 жылы мұнда рекордтық астық өнімі жиналды – 7,6 млн тонна. Бұл республикалық көлемнің төрттен бірінен асады.
Өңір сонымен қатар дақылдарды әртараптандыру динамикасын көрсетуде. 2025 жылы майлы дақыл алқабы алғаш рет 500 мың гектарға жетіп, 2,5 есе ұлғайды. Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов атап өткендей, биыл егіс көлемін 580 мың гектарға дейін ұлғайту жоспарланып отыр. Жалпы егіс алқабы 5,6 млн гектарды құрайды.
Кездесудің негізгі тақырыбы – Салық кодексінің жаңа нормалары және Мал шаруашылығын дамытудың кешенді жоспарын жүзеге асыру.