Бурабай ауданында ірі сүт-тауар фермасы мен сүт өңдеу зауытының құрылысы жүргізілуде

Бурабай ауданында ірі сүт-тауар фермасы мен сүт өңдеу зауытының құрылысы жүргізілуде

Бурабай ауданына жұмыс сапары барысында Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов «Burabay Milk» ЖШС-нің сүт-тауар фермасының құрылыс барысымен танысты.

1 440 бас ірі қара малға арналған болашақ ферма аумағында құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде. Нысанды пайдалануға беру 2026 жылдың соңына дейін жоспарланған. Сондай-ақ Щучинск қаласында сүтті терең өңдейтін зауыттың құрылысы басталды, кәсіпорын да биыл өз жұмысын бастайды. Қазіргі уақытта «Burabay Milk» ЖШС зауытқа қажетті жабдықтарды сатып алу жұмыстарын жүргізуде.

«Мұндай ауқымды жобаларға қолдау көрсету қажет. Бұл нысан халық үшін 130 жұмыс орнын ашып, жыл сайын 800 млн теңгеден астам салық түсімін қамтамасыз етеді», – деп атап өтті өңір басшысы.



Айта кетейік, 2026 жылы екі ірі ферманы іске қосу жоспарлануда: Бурабай ауданындағы «Burabay Milk» және Атбасар ауданындағы «Бастау». Бұл жылына қосымша 15–18 мың тонна өнім өндіруге мүмкіндік береді. Сонымен қатар 2026 жылы қаржыландырудың жаңа кезеңі басталып, 5 инвестициялық жобаны жүзеге асыруға қосымша 9 млрд теңге бөлінеді.