
Ақмола облысының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы, Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы Министрінің 2020 жылғы 30 наурыздағы №107 бұйрығымен бекітілген «Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларының» 55-тармағына сәйкес, gosagro.kz СМАЖ (субсидиялаудың мемлекеттік ақпараттық жүйесі) веб-порталы арқылы «Тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялау» бағдарламасы бойынша өтінімдерді қабылдау ағымдағы жылдың 1 ақпанынан басталатынын Сіздің назарыңызға жеткізеді.