Ағымдағы жылдың 26 қарашасында А.И. Бараев атындағы Астық шаруашылығы ғылыми-өндірістікорталығында орталық ғалымдарының және Ақмолаоблысы әкімдігінің Ауыл шаруашылығы және жерқатынастары басқармасының өкілдерініңқатысуымен 019 «Инновациялық тәжірибені таратужәне енгізу жөніндегі қызметтер» бюджеттікбағдарламасының іске асырылуына арналған кеңес өтті.
Инновациялық тәжірибені тарату және енгізубойынша жүргізілген жұмыстардың нәтижелеріқорытындыланды.
Бұл жұмыстар Ақмолаоблысының 6 шаруашылығында егіншаруашылығы өнімдерін тұрақты әрі қарқындыөндіруді қамтамасыз етуге бағытталды.
Маусым бойы «себуден» бастап «жинауға» дейін осы 6 шаруашылықтағы өндірістік тәжірибелерде А.И. Бараев атындағы Астық шаруашылығы ҒӨО ғалымдары жұмыстарын жүргізді.
Аталған бағдарлама Ақмола облысы әкімдігінің Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының қолдауымен жүзеге асырылуда.