Ақмола облысы әкімдігінің аталған қаулысының жобасын Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 30 наурыздағы № 107 бұйрығымен бекітілген Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларының 64-тармағына сәйкес Ақмола облысының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы әзірледі.
Жоба 2025 жылға арналған тыңайтқыштардың субсидияланатын түрлерінің тізбесін бекітуді көздейді. Жобамен толығырақ "Ашық НҚА" порталында https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15581072 сілтемесі бойынша танысуға болады.