Ақмола облысының Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы Ақмола облысы бойынша күзгі дала жұмыстарына дизель отыны көлемінің қалдықтарын бөлуге өтінімдерді қабылдау ашық екенін хабарлайды.
Операторлар – «Petro Retail» ЖШС – 834 тонна, «Вишневская нефтебаза» ЖШС – 213 тонна, «Жаксынская нефтебаза» ЖШС – 987 тонна, «Жалтыр Тас» ЖШС – 1674 тонна, «Топливная компания Арна» ЖШС – 1131 тонна , «АРНА» ЖШС – 510 тонна, (барлығы 6 оператор бойынша 5349 тонна сатылмаған отын).
Өтінімдерді бұрын ЖЖМ алуға ұсынбаған АШТӨ ғана бере алады.
Күзгі дала жұмыстарына арзандатылған дизель отынын алу үшін биылғы жылдың 23 шілде – 12 тамыз аралығында «gosagro.kz» сайтында көлем қалыптастыруға өтінім беріп, операторды таңдау қажет.
.kz».