А.И.Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығының ғалымдары Ақмола облысының шаруашылықтарында 019 «Инновациялық тәжірибені тарату және енгізу қызметтері» бюджеттік бағдарламасын жүзеге асыруды белсенді түрде жалғастыруда.

Бүгінгі таңда Ақмола облысындағы 6 пилоттық шаруашылықтың егіс алқаптарында А.И.Бараев атындағы астық шаруашылығы ҒӨО ғалымдарының ғылыми сүйемелдеуімен топырақтағы қоректік элементтердің құрамына қарай бастапқы құнарлылығын анықтау, топырақты егіске дейін зерттеу, жаңа технология бойынша өндірістік егіс жоспарын жасау, тұқымдық материалды дайындау, микробиологиялық зерттеу жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, егіс алдындағы және аралық топырақ өңдеу жұмыстары, ылғалды жинақтау мен сақтаудың агротехникалық әдістерінің тиімділігін анықтау бойынша шаралар жүзеге асырылды. Минералдық тыңайтқыштарды қолдану бойынша өндірістік тәжірибелер жүргізілуде.

Қазіргі уақытта вегетациялық кезең бойы фитосанитарлық мониторинг жүргізіліп, жедел ұсыныстар беріліп, егістерді арамшөптерден, зиянкестер мен аурулардан қорғау жұмыстары атқарылуда.

Аталған бағдарлама Ақмола облысы әкімдігінің Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының қолдауымен жүзеге асырылуда.