Көкшетау қаласында Ақмола, Түркістан облыстарының және Тәжікстан Республикасының қатысуымен ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтті

Көкшетау қаласында Ақмола, Түркістан облыстарының және Тәжікстан Республикасының қатысуымен ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтті

Халықты табиғи, сапалы және қолжетімді өнімдермен қамтамасыз ету, сондай-ақ өңіраралық және халықаралық сауда-экономикалық байланыстарды нығайту мақсатында бүгін, 2025 жылғы 1 маусымда сағат 8:00-де Көкшетау қаласында жағалау аумағында ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі ұйымдастырылып, өткізіліп жатыр. Жәрмеңкедегі баға нарықтағыдан 10–15% төмен.
Аталған ауыл шаруашылығы жәрмеңкесіне арнайы Түркістан облысының 16 ауданынан және Тәжікстан Республикасынан табиғи, сапалы әрі ерте пісетін отандық өнімдерімен ауыл шаруашылығы өндірушілері шақырылды. Сатылымға қойылған өнімдер: көкөністер (қызанақ, қияр, картоп, қырыққабат, пияз, сәбіз, қызылша, баклажан, болгар бұрышы, сарымсақ, асқабақ, кәді), жемістер (құлпынай, алма, алхоры, өрік, шабдалы, шие), бақша өнімдері (қарбыз, қауын), сондай-ақ балық, бал, кептірілген жемістер, шырындар және т.б.
Сонымен қатар, Ақмола облысынан брендтік өнімдер мен «НК СПК Kokshe» АҚ тұрақтандыру қорынан өнім шығаратын ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері шақырылды. Атап айтқанда: ет өнімдері, жұмыртқа, сүт өнімдері, 1-сұрыпты ұн, қант, күріш, тұз, күнбағыс майы, макарон өнімдері.
Сатылымға шығарылған жалпы өнім көлемі 332 тоннадан асады, оның ішінде, Түркістан облысынан – 215,4 тонна (көкөністер – 102,0 т, картоп – 15,0 т, бақша өнімдері – 36,0 т, жемістер – 30 т, басқа өнімдер (қымыран, бал, балық, кептірілген жемістер, шырындар) – 32,4 т),Тәжікстан Республикасынан – 95 тонна (көкөністер – 30 т, жемістер – 30 т, басқа өнімдер (кептірілген жемістер, шырындар) – 35 т), Ақмола облысынан – 22,02 тонна (ет өнімдері (сиыр еті, жылқы еті, қой еті, құс еті) – 8,02 т, сүт өнімдері – 5,5 т, жұмыртқа – 3 т, күріш, қарақұмық, күнбағыс майы, ұн, макарон өнімдері, тұз, қант – 5,5 т).