Ақмола облысында 2,7 млн гектар алқапқа егін егілді

Ақмола облысында 2,7 млн гектар алқапқа егін егілді

Ақмола облысында көктемгі егіс науқаны қызу жүріп жатыр. 25 мамырдағы жағдай бойынша облыс диқандары 2,7 миллион гектар алқапқа егін егіп, жоспардың 51 пайызын орындады.
Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов Бурабай және Ақкөл аудандарына жасаған жұмыс сапары барысында көктемгі дала жұмыстарының барысымен танысты.
Ақкөл ауданындағы «Аскоп» ЖШС де егістік алқаптарының 80 пайызын игеріп үлгерді. Кәсіпорын көктемгі егіс жұмыстарын маусым айының басына дейін аяқтауды жоспарлап отыр.
Биыл облыс бойынша ауыл шаруашылығы дақылдары егілетін жалпы жер көлемі 5,5 млн гектарды құрайды. Бұл – өңірдегі агроөнеркәсіп кешенінің тұрақты дамып келе жатқанын көрсетеді.
Сапар қорытындысы бойынша өңір басшысы егіс жұмыстарын белгіленген мерзімде аяқтап, сапалы өнім алуға бағытталған агротехникалық шараларды толық орындауды тапсырды.