Биыл облыстың 11 ауданында итальяндық шегірткеге қарсы химиялық өңдеу 226,5 мың га алаңда, олардың республикалық бюджет қаражаты үшін 89,0 мың га және облыстық бюджет қаражаты есебінен 137,5 мың га алаңда жүргізілетін болады.
Шара барысында ауыл шаруашылығы алқаптарын өңдеуге арналған арнайы бүріккіш техникалар, шегірткелі зиянкестердің ошақтарын бақылауға арналған автокөліктер, кең аумақтарды шолуға арналған ұшқышсыз ұшу аппараттары (дрондар) іс жүзінде көрсетілді. Барлық техника жұмыс барысындағы режимде таныстырылып, мамандар мониторинг пен өңдеу алгоритмдерін таныстырды.
Жиын қорытындысы бойынша Ақмола облысы әкімінің орынбасары Мұрат Балпан химиялық өңдеу кезеңінде барлық қызметтердің үйлестірілген, сапалы және уақытылы жұмысын қамтамасыз етуді тапсырды.