
Өңірде ауыл шаруашылығы техникасын жаңарту шаралары қарқын алды. Жыл басынан бері шаруалар 10 млрд теңгеге 364 бірлік техника сатып алды. Көктемгі дала жұмыстарына 37 мың бірлік ауыл шаруашылығы техникасы жұмылдырылды.
Ақмола облысы көктемгі дала жұмыстарын қаржыландыруда ел бойынша алдынғы қатарда. «Кең дала» және «Кең дала-2» бағдарламалары бойынша 108 млрд теңге көлемінде жеңілдетілген несие өтінімдері қалыптасты. Қазіргі уақытта 664 шаруа 100 млрд теңгеден артық несие алды.