
2025 жылдың 1 маусым күні сағат 8:00-де Көкшетау қаласында жағалау аумағында Түркістан облысы және Тәджік Республикасының ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерінің (бұдан әрі – АШТӨ) қатысуымен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді. Іс-шараның негізгі мақсаты – қала тұрғындарын табиғи, сапалы және қолжетімді өнімдермен қамтамасыз ету, сондай-ақ өңіраралық және халықаралық сауда-экономикалық байланыстарды нығайту.
Аталған жәрмеңкеге Түркістан облысының 16 ауданынан және Тәджік Республикасынан ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер (АШТӨ) өздерінің табиғи, сапалы және ерте пісетін отандық өнімдерімен қатысуға шақырылды. Атап айтқанда: көкөністер (қызанақ, қияр, картоп, қырыққабат, пияз, сәбіз, қызылша, баялды, болгар бұрышы, сарымсақ), жемістер (құлпынай, алма, қара өрік,өрік, шабдалы,шие), бақша өнімдері (қарбыз, қауын), сондай-ақ балық, бал, құрғақ жемістер, шырындар және т.б.
Брендтік өнімдерімен Ақмола облысының ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері шақырылған, сонымен қатар, «НК СПК Kokshe» АҚ тұрақтандыру қорынан өнімдер ұсынылады, атап айтқанда: ет өнімдері, жұмыртқа және сүт өнімдері, 1 сортты ұн, қант, күріш, тұз, күнбағыс майы, макарон өнімдері.
Ұсынылатын өнімдердің жалпы көлемі 332 тонна, оның ішінде Түркістан облысының жалпы өнім көлемі – 215,4 тонна (көкөністер – 102,0 тонна, картоп – 15,0 тонна, бақша өнімдері – 36,0 тонна, жемістер – 30,0 тонна, басқа да өнімдер (құмырсқа балығы, бал, балық, құрғақ жемістер, шырындар) – 32,4 тонна), Тәджік Республикасының өнім көлемі – 95 тонна (көкөністер – 30 тонна, жемістер –30 тонна, басқа да өнімдер(құрғақ жемістер, шырындар) – 35 тонн), Ақмола облысының өнімдері – 22,02 тонна (ет өнімдері (сиыр еті, жылқы еті, қой еті, құс еті) – 8,02 тонн, сүт өнімдері – 5,5 тонн, жұмыртқа – 3 тонна, күріш, қарақұмық жармасы, күнбағыс майы, ұн, макарон өнімдері, тұз, қант – 5,5 тонн).
Өнімдер нарықтық бағадан 10-15% төмен бағамен ұсынылады. Бұл – қала тұрғындарына қолжетімді бағада сапалы азық-түлік алуға мүмкіндік береді.