Меню

Страницы

Статья

«Ақмола облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша 2020 жылғы қызметі туралы есептеме

«Ақмола облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің  мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша

2020 жылғы қызметі туралы есептеме

  1. Жалпы ережелер

1) Көрсетілетін қызметті беруші туралы мәліметтер

«Ақмола облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Басқарма)  агроөнеркәсіптік кешеннің даму саласында, астық нарығы саласында, тұқым шаруашылығы саласында, өсімдікті қорғау саласында, өсімдік карантині саласында, асыл тұқымды мал шаруашылығы саласында мемлекеттік саясатты іске асырады.

Заңды тұлғалардың орналасқан жері: 020000, Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Абай көшесі, 89

2) Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер Тізіліміне сәйкес Ақмола облысының ауыл шаруашылығы басқармасына (бұдан әрі - Басқарма) 20 мемлекеттік қызмет бекітілген.

Олардың ішінде, 15 мемлекеттік қызмет «Qoldau.kz» веб-порталы      арқылы, бір мемлекеттік қызмет субсидиялау ақпараттық   жүйесінің  құралдары бойынша  (САЖ), 4 мемлекеттік қызметті «Е-лицензиялау» мемлекеттік деректер базасы» мемлекеттік ақпараттық жүйесі («Е-лицензиялау» МДБ АЖ) арқылы көрсетіледі.

Тегін негізде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің саны 18, ақылы негізде 2.

Электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің саны 20.

Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын бекітілген заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің саны 20.

3) Барынша талап ететін мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат.

2020 жылы 9780 мемлекеттік қызмет көрсетілді (өткен жылмен салыстырғанда 30% - ға   кем   көрсетілген).

Есепті кезеңде неғұрлым сұранысқа ие мемлекеттік көрсетілетін қызметтер   мыналар  болып  табылады:

«Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау» – 2059 мемлекеттік көрсетілетін қызмет немесе көрсетілген қызметтердің жалпы санының 21 %-ы;

«Саны зиян тигізудің экономикалық шегінен жоғары зиянды және аса қауіпті зиянды организмдерге және карантиндік объектілерге қарсы өңдеу жүргізуге арналған пестицидтердің, биоагенттердің (энтомофагтардың) құнын субсидиялау» – 3857 мемлекеттік көрсетілетін қызмет немесе көрсетілген қызметтердің жалпы санының 39,4 %-ы;

«Агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне кредит беру, сондай-ақ ауыл шаруашылығы жануарларын, техникасы мен технологиялық жабдығын сатып алуға лизинг кезінде сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау» – 703 мемлекеттік көрсетілетін қызмет немесе көрсетілген қызметтердің жалпы санының 7,1 %-ы;

«Инвестициялық салымдар кезінде агроөнеркәсіптік кешен субъектісі шеккен шығыстардың бір бөлігін өтеу бойынша субсидиялау» 1949 мемлекеттік көрсетілетін қызмет немесе көрсетілген қызметтердің жалпы санының 19,9 %-ы.

  1. Көрсетілетін қызметті алушылармен жұмыс

1) Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер.

Мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі туралы ақпаратты көрсетілетін қызметті берушінің –www.gov.kz ғаламтор ресурсының «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінен, www.egov.kz және www.elisense.kz «электрондық үкімет» веб-порталы, www.Qoldau.kz веб-порталы, сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының 1414 немесе 8-800-080-7777 телефондары арқылы алуға болады.

Сонымен қатар, көрсетілетін қызметті берушінің аумақтық бөлімшелерінің ғимараттарында мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі туралы ақпараты бар ақпараттық стендтер орналастырылған.

2) Мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілер жобаларын жария талқылаулар туралы ақпарат.

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» және «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» заңдарына сәйкес нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуші мемлекеттік органдар мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарының жобаларын және заң жобаларының тұжырымдамаларын жария талқылау үшін «Ашық НҚА» порталында орналастырады.

2020 жылы «Ашық НҚА» порталында әзірлеуші Басқарма болып табылатын мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібін анықтайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобалары жария талқылаудан өтпеді, өйткені ауыл шаруашылығы саласында мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібін айқындайтын НҚА әзірлеушісі Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі болып табылады.

3) Мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар (түсіндіру жұмыстары, семинарлар, кездесулер, сұхбат және басқалар).

Көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік көрсетілетін қызметтерлі алу мүмкіндігі мен оларды көрсету тәртібі туралы ақпараттандырылуын арттыру шеңберінде бұқаралық ақпарат құралдарында (облыстық   газеттерде)  14    мемлекеттік   көрсетілетін   қызмет   бойынша 14 мақала жарияланды.

Басқарма мамандарының құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша 2 түсіндіру іс-шарасы өткізілді.

  1. Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін жетілдіру жөніндегі қызмет

1) Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелері.

Басқарма жүйелі негізде қызмет алушылардан талап етілетін құжаттардың мерзімдері мен санын оңтайландыру, мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру бойынша іс-шаралар жүргізіп келеді.

2) Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шаралар.

Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіне 13 мемлекеттік қызметші тартылған.

Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіне тартылған барлық мемлекеттік қызметшілер біліктілікті арттыру курстарынан өтті:

2019 жылы -7 маман;

2020 жылы-5.

3) Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін нормативтік-құқықтық жетілдіру.

Қоғамдық қатынастарды реттеу, мемлекеттік қызметтерді көрсету саласындағы негізге алынатын қағидалар мен нормаларды орнату мақсатында 2013 жылдың 15 сәуірінде «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заң қабылданды.  Мемлекеттің, азаматтардың құқықтары мен мүдделерін сақтау мақсатында мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің жаңа стандарттары мен регламенттері  қабылданып  жатыр.

  1. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау

1) Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат (қосымша).

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері бойынша шағымдар түскен жоқ.

2) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылау нәтижелері.

    2020 жылы 5 ішкі бақылау іс-шарасы өткізілді, олардың нәтижелері бойынша бұзушылықтар анықталған жоқ, сонымен қатар мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерден туындайтын талаптарды сақтау бойынша ұсынымдар берілді.

 3) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган жүргізген мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау нәтижелері.

Уәкілетті орган мемлекеттік қызметтер саласындағы заңнаманың сақталуы бойынша Басқарма қызметін тексерген жоқ.

4) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторинг нәтижелері.

Зерттеу жүргізу үшін қоғамдық мониторингке «Басым дақылдар, оның ішінде көпжылдық екпелер өндірісін субсидиялау»мемлекеттік көрсетілетін қызметі енгізілді.

Мемлекеттік қызметті qoldau.kz портал бетінде алу процесінде «Субсидиялау субъектілеріне ақылы негізде және олар пайдаланушылық келісімге қол қойған жағдайда» көрсетілген, сайтта «өтінім берген кезде» субсидиялауға өтінім берудің одан әрі қадамы үшін шотты ең төменгі мөлшерде 8751 теңге немесе  29170 теңге, 32087 теңге төлеу ұсынылады.

Бұл ретте стандартқа сәйкес аталмыш  мемлекеттік қызмет тегін негізде көрсетіледі. Әлеуетті қызмет алушылар үшін қандай қызметтер үшін сервисті төлеу ұсынылатыны толық анық және түсінікті болған жоқ.

Қоғамдық мониторинг қорытындылары  бойынша мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында келесі ұсынымдар берілді:

  1. ar.qoldau.kz сайтқа тіркеуді тестілеуге ішкі мониторинг жүргізу
  2. Одан әрі дұрыс жұмыс істеу үшін «Анықтама» («көпжылдық екпелер бойынша» ) бетін тексеру
  3. Ақы төлеу немесе қосымша шығындар мәселесі бойынша Мемлекеттік қызмет көрсету стандартына қажетті түзетулер енгізу
  4. Пайдаланушы келісімі, сонымен бірге мемлекеттік қызметті алудың жалпы кезеңдері/қадамдары-субсидиялау, субсидиялар алу шарттары, субсидиялауды беруден бас тарту шарттары мәселелері бойынша толығырақ ақпаратты орналастыру мүмкіндігін қарастыру
  5. Субсидиялар алу мәселелері бойынша егжей-тегжейлі кеңестер үшін байланыс ақпаратын орналастыру мүмкіндігін қарастыру.
  6. Мемлекеттік қызметтер көрсетудің одан әрі тиімділігінің перспективалары және сапасына көрсетілетін қызметтерді алушылардың қанағаттануын арттыру.

Көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қанағаттануын арттыруға, мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді электрондық түрде алу мүмкіндіктері туралы хабардар етуге бағытталған ішкі бақылау және жария іс-шаралар өткізу арқылы мемлекеттік қызметтер көрсету процесін жетілдіру.

Дата публикации
26 февраля 2021
Дата обновления
26 февраля 2021
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
25 апреля 2024
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелерін жария талқылау
23 апреля 2024
2024 жылы Ақмола облысында көктемгі дала жұмыстарын жүргізу бойынша басшылық
09 апреля 2024
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторинг жүргізу нәтижелері бойынша 2023 жыл есебі

Социальные медиа

Меню подвал

Өмірлік жағдайлар
Мемлекеттік органдардың жаңалықтар арнасы
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Мемлекеттік рәміздері
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты
ҚР Парламентінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Тұрақты даму мақсаттары