Ақмола облысында автобус паркін жаңарту бойынша ақпарат

Ақмола облысында автобус паркін жаңарту бойынша ақпарат

Ақмола облысында автобус паркін жаңарту бойынша ақпарат

 

Облыс аумағында жолаушыларды автомобиль көлігімен тасымалдау 106 тұрақты маршруттарда жүзеге асырылады(оның 55-і — қалаішілік (ауылдық 4), 13-і — қала маңындағы, 21-і — ауданішілік, 10-ы — облысішілік қалааралық, 7-і — облысаралық маршруттар).

Облыста муниципалды автопарктер жоқ. Маршруттарға қызмет көрсетуді жеке кәсіпкерлер мен шағын ЖШС жүзегеасырады.

Ақмола облыстық мәслихатының шешімімен(2019 жылғы 10 сәуірдегі №6С-31-7) 91 маршрут әлеуметтік маңызы бар бағыт болып белгіленді және субсидиялауға жатады.

Әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жол жүру құны жергілікті өкілді органдармен бекітілген және келісілген. Бүгінгі күні ол қалалық маршруттарда 60-тан 110 теңгеге дейін құрайды(60 теңге – Степногорск қ., 70 теңге – Степняк қ., Макинск қ., 80 теңге – Ақкөл қ., Державинск қ., Есіл қ., Шортанды к., 90 теңге – Ерейментау қ., 100/180 теңге - Көкшетау қ., 100 теңге – Балкашиноауылы, 110 теңге - Атбасар қ., Щучинск қ.) және ауданаралық (қалааралық облысішілік) автобус маршруттарында 1 пасс/км үшін 9 теңге.

Бұл шара тұрғындарды қоғамдық көлікте әлеуметтік тарифті сақтау түрінде, ал тасымалдаушыларды шығындарды субсидиялау түрінде қолдауға бағытталған.

2018 жылдан бастап «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ отандық автоөндірушілерді қолдау шеңберінде жылдық 7% - дан және 2022 жылдан бастап жылдық 0,01% - дан жеңілдікті мөлшерлемелер бойынша автобус паркін жаңартуды лизингтік қаржыландыру бағдарламасы іске асырылуда.

Осы бағдарламаның негізгі талаптарының бірі тасымалдаушылардың шығындарын субсидиялау болып табылады. 2019 жылдан бастап Көкшетау қаласының әкімдігі әлеуметтік маңызы бар қалалық қатынастарды субсидиялау бастағанын ескере отырып, тасымалдаушылар осы бағдарламаға қатыса алды. 

Мәселен, 2019-2020 жылдар кезеңінде мемлекеттік-жеке меншік әріптестік аясында Көкшетау қаласының қоғамдық көлігі үшін 94 бірлік жаңа қалалық автобус сатып алынды.

2024 жылы облыс тасымалдаушылары қалалық бағыттарға 24 бірлік және қалааралық бағыттарға 2 бірлік жаңа автобус сатып алды, оның ішінде Степногорск қаласы үшін 13 бірлік, Көкшетау қаласы үшін 7 бірлік, Щучинск қаласы үшін 4 бірлік және қалааралық тасымалдау үшін 2 бірлік(Көкшетау – Степняк, Көкшетау - Бурабай).

Ағымдағы жылы Көкшетау қаласы үшін 10 бірлік жаңа қалалық автобус жеткізілді. Ақкөл, Ерейментау, Щучинск қалаларының тасымалдаушылары мен жұмыс жүргізілуде. Ағымдағы жылы тасымалдаушылармен 15 автобусты жаңарту жоспарлануда.

Осылайша, облыста тасымалдаушылардың шығындарын субсидиялау есебінен әлеуметтік маңызы бар қатынастарда жол жүру құнының шамалы өсуімен 204 автобустың 130-ы немесе 64% - ы жаңартылды.