«Теміржол вокзалдарын жөндеу»
Ақмола облысы бойынша Көкшетау, Щучинск, Атбасар, Ақкөл, Макинск, Есіл, Ерейментау, Державинск қалаларында, сондай-ақ Жақсы, Жалтыр, Аршалы, Шортанды, Никольское (Елтай станциясы), Еркіншілік, Сарыоба және Үленті елді мекендерінде 16 теміржол вокзалына жөндеу жүргізу жоспарлануда.
2 мердігерлік ұйым «Жарқын Құрылыс» ЖШС және «Integra Construction KZ» ЖШС, 2 жобалау ұйымдары «АСТРА ЛТД» ЖШС және «Ремквит» ЖШС, сондай-ақ 4 техникалық қадағалау ұйымдары «ADIS ENGINEERING» ЖШС, «Мерей Тайынша» ЖШС, «ADAL-MS» ЖШС және «A&B Construction Control» ЖШС анықталды.
Аталған ұйымдардың ғимараттар мен құрылыстарды салу және жөндеу, абаттандыру саласында жұмыс тәжірибесі бар.
Тапсырыс беруші «Қазақстан темір жолы «Ұлттық компаниясы» Акционерлік қоғамы болып табылады, объектілерді реконструкциялау «кілтке тапсыру» жүргізіледі, бұл жобалау, іздестіру және құрылыс-монтаждау жұмыстарын орындау бойынша кешенді жұмыстарды білдіреді.
Бүгіннен бастап жобаны іске асыру басталды, мердігерлер құрылыс-монтаждау жұмыстарына кірісті, сонымен қатар аталған теміржол вокзалдарын жобалау және тексеру жүргізілуде.Барлық вокзал бойынша қайта жаңартуды ағымдағы жылы аяқтау жоспарлануда.