ХАБАРЛАНДЫРУ
«Ақмола облысының жолаушылар көлігІ және автомобиль жолдары басқармасы» ММ басқармада анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелерін жария талқылау туралы хабарлайды
Ақмола облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңына сәйкес сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың себептері мен жағдайларын анықтау және зерделеу мақсатында 2025 жылғы мамырда сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізуді жоспарлап отыр.
Барлық мүдделі тұлғалар жұмыс тобының құрамында Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдауға қатыса алады. Талдауға қатысу мәселелері бойынша экономика, жоспарлау және мемлекеттік сатып алу бөлімінің бас маманы Мира Серікқызы Құсайыноваға 2025 жылғы 18 сәуірге дейінгі мерзімде келесі телефон нөмірлері бойынша хабарласуға болады: 26-91-54,25-10-40 (қабылдау бөлмесі).