Ақмола облысы аумағында әуе, темір жол және автобус қатынастарының жұмысын жаңарту туралы.

Ақмола облысы аумағында әуе, темір жол және автобус қатынастарының жұмысын жаңарту туралы.

Ақмола облысы аумағында әуе, темір жол және автобус қатынастарының жұмысын жаңарту туралы.

     Ақмола облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері А. С. Мусинаның 2020 жылғы 19 мамырдағы №57 Ақмола облысының аумағында коронавирустық инфекция (COVID-19) ауруларының алдын алу бойынша шектеу іс-шаралары туралы» қаулысына сәйкес, ағымдағы жылдың 25 мамырынан бастап Целиноград ауданын қоспағанда, қалааралық, облысішілік бағыттар бойынша (Ақмола облысының шекарасында тасымалдауды жүзеге асыратын) автобустар қозғалысы қалпына келтірілді.

    Сондай-ақ, 25 мамырдан бастап облыс аумағындағы автовокзалдар, автостанциялар мен жолаушыларға қызмет көрсету пункттерінің жұмысы жаңартылды.

     Сонымен бірге, қалааралық облысаралық қатынастар бойынша, сондай-ақ облыстың қалалары мен елді мекендерін Қазақстан Республикасының астанасы Нұр-сұлтан қаласына қосатын автобустар қозғалысына шектеулер алынбаған. Аталған бағыттар бойынша автобустардың қозғалысы індет ахуалының жақсаруына және тиісті блок бекеттерін алып тастауға қарай жаңартылады.

   Естеріңізге сала кетейік, 17 мамырдан бастап Көкшетау – Алматы және Көкшетау Ақтау авиабағыттары бойынша әуе қатынасы жаңартылды.

   Сондай-ақ, ағымдағы жылдың 1 маусымынан бастап республикаішілік қатынастар бойынша жолаушылар поездарының қозғалысы жаңартылуда.

   Баяндалғанды ескере отырып, жолаушыларды әлеуметтік қашықтықты, маскаларды киіп жүру алгоритмін және коронавирустық инфекциямен (COVID-19) аурулардың алдын алу бойынша басқа да алдын алу шараларын сақтауды сұраймыз

   Ережелерді бұза отырып, Сіз тек өздеріңіздің ғана емес, айналадағы адамдардың да денсаулығына және өміріне қауіп төндіретіні естеріңізде болсын!