Темір жол жолаушылар тасымалдарын жаңғырту

Темір жол жолаушылар тасымалдарын жаңғырту

Темір жол жолаушылар тасымалдарын жаңғырту

      Қазақстанда темір жол жолаушылар тасымалының 1 маусымнан бастап бас ашылуына байланысты, санитарлық дәрігердің Қаулысы шықты. Теміржол вокзалдардың басшылығы, т/ж көлік әрекетіне қызмет көрсететін тасымалдаушылар мен ұйымдар қатаң сақтауға тиіс негізгі санитарлық-карантиндік шаралар айқындалды.

Негізгі талаптар:

  • Вокзал ғимаратына кіру маска және жол жүру билеті бар болған жағдайда жүзеге асырылады;
  • Ғимаратқа кірер алдында вокзалдың жеке меншік қауіпсіздік қызметінің қызметкерлері жолаушылардың жанаусыз термометриясын жасайды;
  • Вокзалдардың және пойыздардың жұмысын жаңғырту алдында ауа баптау жүйелерінің ревизиясы мен фильтрлерді ауыстыру жүргізілуі тиіс;
  • Пойыздарда жолсеріктің жолаушылар сауалнамасын өткізуі;
  • Пойыздарда дезинфекциялық режимін күшейту;
  • Пойыздардың жұмысшылары мен қызметкерлері міндетті түрде қорғау маскалар мен қолғаптарын кию тиіс;
  • Жолаушылардың вагоннан вагонға жүруі шектеледі;
  • Пойыздарда антисептиктер, дәрілік және дезинфекциялаушы заттардың азайтылмайтын қорының болуы.

Мемлекеттік комиссияның жедел штабы