"Сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде орналастыруды келісу" мемлекеттік қызметті

"Сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде орналастыруды келісу" мемлекеттік қызметті

Сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін облыстық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде орналастыру кезінде, Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 6 маусымдағы № 371 бұйрығымен бекітілген, сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін халықаралық, республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде орналастыру Қағидаларын (бұдан әрі - қағидалар) басшылыққа алу қажет,

Сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін Ақмола облысы бойынша облыстық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде орналастыру үшін жеке және заңды тұлғалар жергілікті атқарушы органнан, уәкілетті органының атынан «Ақмола облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» ММ, келісім алады.

Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру "электрондық үкімет" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

Сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін халықаралық және республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде орналастыруға қойылатын негізгі талаптардың тізбесі "Жарнама туралы" Қазақстан Республикасының Заңында жазылған. Сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерінің меншік иелері сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін тиісті жағдайда ұстайды.

Жеке және заңды тұлғалар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) "Сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде орналастыруды келісу" мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті берушіге портал арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметке осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес электрондық құжат нысанындағы өтінішті (мәтін бойынша төменде берілген) және сыртқы (көрнекі) жарнама объектісі эскизінің электрондық көшірмесін жолдайды.

 Көрсетілетін қызметті алушы осы Қағидалардың 4-қосымшасына сәйкес "Сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде орналастыруды келісу" мемлекеттік көзделген қызмет стандартының 8-тармағына (бұдан әрі – 2-стандарт) (мәтін бойынша төменде берілген) сәйкес барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік қызмет көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.

"Сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде орналастыруды келісу" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі, ол мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұнын және нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де мәліметтерді қамтитын 2-стандартқа сәйкес жазылған (осы Қағидалардың 4-қосымшасы).

Құжаттарды қарау мерзімі және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру 5 (бес) жұмыс күнін құрайды.

Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым көрсетілетін қызметті берушінің, автомобиль жолдары саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) басшысының атына, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға беріледі.

 

 

 

Сыртқы (көрнекі) жарнама
объектілерін халықаралық,
республикалық, облыстық және
аудандық маңызы бар жалпыға
ортақ пайдаланылатын
автомобиль жолдарының
бөлінген белдеуінде
орналастыру және "Сыртқы
(көрнекі) жарнама объектілерін
халықаралық және
республикалық маңызы бар
жалпыға ортақ пайдаланылатын
автомобиль жолдарының
бөлінген белдеуінде
орналастыруды келісу",
"Сыртқы (көрнекі) жарнама
объектілерін облыстық және
аудандық маңызы бар жалпыға
ортақ пайдаланылатын
автомобиль жолдарының
бөлінген белдеуінде
орналастыруды келісу"
мемлекеттік қызметті көрсету
қағидаларына
3-қосымша

 

Нысаны

 

____________________________
Облыстардың, аудандардың
және облыстық маңызы бар
қалалардың жергілікті атқарушы
органдары
____________________________
(басшының тегі, аты,
әкесінің аты (бар болса)
____________________________
(куәландыратын құжаттың
деректемелерін
____________________________
жеке (жеке сәйкестендіру
нөмірі) немесе заңды тұлғаның
____________________________
тұлғалар (Бизнес сәйкестендіру
нөмірі), байланыс телефоны,
мекенжайы)

 Өтініш

      Сізден сыртқы (көрнекі) жарнама нысанын облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының жолына орналастыруға келісуіңізді сұраймын.

      Жолдың атауы (атауы) ___________________________________________

       Мекен жайы _______ километр ________ + метр, оң / сол __________________

       Күні _____________ алушы ___________________________________________

       (жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты

       ___________________________________________________________________

       (бар болса) заңды тұлғаның атауы

       ___________________________________________________________________

      немесе уәкілетті тұлға, қолы)

      "___" ____ жыл ақпараттық жүйелерде бар, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын ақпаратты Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен пайдалануға келісемін.

 

 

Сыртқы (көрнекі) жарнама
объектілерін халықаралық,
республикалық, облыстық және
аудандық маңызы бар жалпыға
ортақ пайдаланылатын
автомобиль жолдарының
бөлінген белдеуінде
орналастыру және "Сыртқы
(көрнекі) жарнама объектілерін
халықаралық және
республикалық маңызы бар
жалпыға ортақ пайдаланылатын
автомобиль жолдарының
бөлінген белдеуінде
орналастыруды келісу",
"Сыртқы (көрнекі) жарнама
объектілерін облыстық және
аудандық маңызы бар жалпыға
ортақ пайдаланылатын
автомобиль жолдарының
бөлінген белдеуінде
орналастыруды келісу"
мемлекеттік қызметті көрсету
қағидаларына
4-қосымша

 

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы: "Сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде орналастыруды келісу"

1

Қызмет берушінің атауы

Облыстардың, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары.

2

Мемлекеттік қызметтерді ұсыну жолдары

"Электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі - портал).

3

Мемлекеттік қызмет мерзімі

5 жұмыс күні.

4

Мемлекеттік қызметтер көрсету нысаны

Электронды (толық автоматтандырылған).

5

Мемлекеттік қызметтер көрсету нәтижесі

Сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде орналастыру үшін жазбаша келісу не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" жолданады және порталда сақталады.

6

Көрсетілетін қызметті алушыдан мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде өндіріп алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны жинау тәсілдері

Тегін.

7

Жұмыс кестесі

 1) көрсетілетін қызметті беруші - Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.

2) портал - жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

8

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі

1) мемлекеттік көрсетілетін қызметтің қосымшасына сәйкес электрондық құжат нысанындағы өтініш;

2) құжат эскизінің электрондық көшірмесі.

9

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) анық еместігі анықталғанда;

 2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің осы Қағидаларда және "Жарнама туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;

3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе мемлекеттік қызмет көрсетуді талап ететін қызметке жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімі (үкімі) болған жағдайда;

4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген үкімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алуға мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнаулы құқығынан айырылуы.

10

Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар

Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы болған жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар.

Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы "жеке кабинеті", көрсетілетін қызметті берушінің анықтамалық қызметтері, сондай-ақ "1414", 8-800-080-7777 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.