Мемлекеттік қызмет туралы заңнама және мемлекеттік қызметшілердің әдеп мәселелері бойынша түсіндіру жұмысы

Мемлекеттік қызмет туралы заңнама және мемлекеттік қызметшілердің әдеп мәселелері бойынша түсіндіру жұмысы

2022 жылғы 28 қазанда Әдеп жөніндегі уәкілі А.В. Рублевский Ақмола облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының қызметкерлеріне арналған мемлекеттік қызмет туралы заңнама және мемлекеттік қызметшілердің әдеп мәселелері бойынша түсіндіру жұмысын жүргізді.

Түсіндіру жұмысы барысында мемлекеттік қызметке алғаш рет қабылданған автомобиль жолдары бөлімінің бас маманының м.а. Ж.Б. Әшім таныстырылды, жаңа қызметкерді бейімдеуге қатысу мақсатында, мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексінің нормалары түсіндірілді.

Әдеп жөніндегі уәкілі А.В. Рублевский басқарма қызметкерлерін ұжымдағы корпоративтік мәдениет негіздерімен таныстырды, қызметтен тыс уақытта жалпы қабылданған моральдық-әдеп нормаларды ұстануға және қоғамға жат мінез-құлыққа жол бермеу туралы айтты.

Цифрлық әдеп, ең алдымен әлеуметтік желілердегі байланыс және бейнеконференциялардағы мінез-құлық мәселесі көтерілді. Мемлекеттік қызметшілердің оң моральдық бейнесін сақтаудың маңыздылығын атап өтіп, еңбек тәртібін сақтау бойынша 9 айдың қорытындылары шығарылды.