Сыбайлас жемқорлыққа «нөлдік төзімділікті» дағдыландыру мәселелері бойынша Семинар

Сыбайлас жемқорлыққа «нөлдік төзімділікті» дағдыландыру мәселелері бойынша Семинар

2022 жылғы 27 қазанда әдеп жөніндегі уәкіл А.В. Рублевский Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы шеңберінде Ақмола облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының қызметкерлеріне арналған сыбайлас жемқорлыққа «нөлдік төзімділікті» дағдыландыру мәселелері бойынша семинар өткізді.

Семинар барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат қағидаттары, «тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты» төмендету факторы ретінде сапалы цифрландыруға көшу және 2026 жылдың қорытындысы бойынша күтілетін негізгі нәтижелер ашылды.

Бюрократизация бойынша жұмыс шеңберінде басқарма консультативтік-кеңесші органдардың санын қысқартты, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізді.

Қызметкерлерді мансаптық дамыту меритократия қағидаты бойынша жүргізіледі. Тек соңғы екі жыл ішінде жоғары кәсіби, іскерлік және жеке қасиеттерін көрсеткен 3 қызметкер басшылық лауазымдарға ұсынылды. Ағымдағы жылы Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік басқару академиясының филиалында 6 маман біліктілігін арттыру бойынша оқуды аяқтады.

Қазақстан Республикасының 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тұжырымдамасы арқылы жаңа тәсіл сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың тиімділігін едәуір арттыруға мүмкіндік береді.