«Ауданаралық (қалааралық облысішілік), ауданішілік, қалалық (ауылдық) және қала маңындағы қатынастарда әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша автомобильдік жолаушылар тасымалын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушылардың залалдарын субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызметі туралы

«Ауданаралық (қалааралық облысішілік), ауданішілік, қалалық (ауылдық) және қала маңындағы қатынастарда әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша автомобильдік жолаушылар тасымалын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушылардың залалдарын субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызметі туралы

Қазіргі уақытта Басқарма (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) «Ауданаралық (қалааралық облысішілік), ауданішілік, қалалық (ауылдық) және қала маңындағы қатынастарда әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша автомобильдік жолаушылар тасымалын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушылардың залалдарын субсидиялау» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі-Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты) көрсетеді. www.egov.kz, www.elincense.kz (бұдан әрі-Портал) арқылы жүзеге асырылады.

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:

5 (бес) жұмыс күні ішінде.

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электронды

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі - Субсидия тағайындау туралы хабарлама не субсидия тағайындаудан бас тарту туралы хабарлама жіберу тәсілімен мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
         Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық.
         Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің басшысы немесе оның міндетін атқарушының ЭЦҚ қол қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» жіберіледі.

Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) ақысыз негізде көрсетіледі.

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі

1) өтініш;

2) әлеуметтік маңызы бар автомобиль қатынастары бойынша нақты тасымалданған жолаушылар туралы есеп;

3) орындалған жұмыс туралы ақпарат;

4) билеттерді сату жөніндегі есеп;

5) жолаушылар тасымалынан түскен қаржылық қаражат туралы есеп;

6) осы Қағидалардың 4-тарауында сәйкес автобустардың маршрут бойынша жалпы жылдық жүрісіне (км.) сүйене отырып анықталған маршрут құны бойынша тасымалдаулар жүзеге асырылған жағдайда, тасымалдаушының жолаушыларды маршруттарда тасымалдаумен байланысты шығыстарының көлемі жөніндегі есеп;

7) тасымалдаулар ауданаралық (қалааралық облысішілік) немесе ауданішілік қатынастарда жүзеге асырылған жағдайда, автовокзалдардың (автостанциялардың) диспетчерлік қызметінің құжаты немесе ауылдық округтің әкімінен немесе оны алмастыратын адамнан осы маршрут бойынша орындалған рейстерді растайтын анықтамалар;

8) осы Қағидалардың 4-тарауына сәйкес автобустардың маршрут бойынша жалпы жылдық жүрісіне (км.) сүйене отырып анықталған маршрут құны бойынша тасымалдаулар жүзеге асырылған жағдайда, осы маршрут бойынша орындалған рейстерді растаушы елді мекеннің бірыңғай диспетчерлік қызметінен алынған құжат;

9) диспетчерлік қызметтің қалалық маршруттар бойынша рейстерді орындамағанын растайтын (бар болған жағдайда) құжаты.

Тармақшаларда көрсетілген құжаттар 2), 3), 4), 5), 6), 7), 8), 9) осы тармақтың бірінші абзацы электрондық көшірмеде ұсынылады.

Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттарының және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;

2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің осы Қағидаларда және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 19-1-бабында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;

            Ескертпе: «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі № 88-V Заңы 19-1-бап. Көрсетілетін қызметті берушілердің мемлекеттік қызметтер көрсетуден бас тартуы:

  1. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметтер көрсетуден бас тартқан кезде көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметтер көрсетуден бас тартудың себептерін көрсете отырып, жауап жібереді.
  2. Көрсетілетін қызметті берушілер мынадай негіздер:

            1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;

            2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;

            3) уәкілетті мемлекеттік органның мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті келісімі туралы сұрау салуға берілген теріс жауап, сондай-ақ сараптаманың, зерттеудің не тексерудің теріс қорытындысы;

            4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы;

            5) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген үкімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнаулы құқығынан айырылуы бойынша;

            6) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі болмауы бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсетуден бас тартады.

  1. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту себептерін жойған жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен көрсетілетін мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушының қайта жүгінуіне болады.

            3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты белгілі бір мемлекеттік қызметті алуды талап ететін қызметті немесе жекелеген қызмет түрлерін тоқтата тұру немесе тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімі (үкімі) болуы