Көлік кешені отандық экономиканың басты, стратегиялық маңызды сегменттерінің бірі болып табылады, ол елдің өнеркәсіптік және технологиялық әлеуетін нығайтуда, өңіраралық және халықаралық байланыстарды дамытуда үлкен рөл атқарады. Әрине, адамдардың өмір сүру сапасы көбінесе оның сенімді, үздіксіз жұмыс істеуіне байланысты.
Бүгінгі таңда көлік кешені қуатты өндірістік, ғылыми-техникалық және кадрлық әлеуетке ие. Көлік инфрақұрылымы қызметкерлерінің күнделікті адал еңбегінің, кәсібилігінің және іске жауапкершілікпен қарауының арқасында саланы жаңғырту, жолаушыларға қызмет көрсету сапасын арттыру, жүктерді жеткізу, қызметтер мен жұмыстардың ассортиментін кеңейту, көлік инфрақұрылымын жетілдіру, инновациялық және ақпараттық технологияларды енгізу, өңірлік және халықаралық байланыстарды нығайту, қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша міндеттер табысты шешілуде.
Құрметті көлік саласының қызметкерлері!
Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз - Көлік қызметкерлері күнімен құттықтаймыз. Сіздерге және Жақындарыңызға зор денсаулық, отбасылық амандық, еңбектеріңізге жаңа табыстар, сондай-ақ жолда және ауада сәттілік тілейміз!