Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша «Ақмола облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» ММ көрсетілетін мемлекеттік қызмет туралы ақпарат

Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша «Ақмола облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» ММ көрсетілетін мемлекеттік қызмет туралы ақпарат

Ақмола облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы келесі мемлекеттік қызметті көрсетеді:

«Өздігінен жүретін шағын көлемді кемені жүргізу құқығына куәлік беру».

 «Өздігінен жүретін шағын көлемді кемені жүргізу құқығына куәлік беру» мемлекеттік қызметі «Кеме жүргізушілерін шағын көлемді кемені басқару құқығына атестаттау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму Министрінің м.а. 2015 жылғы 17 сәуірдегі № 457 бұйрығына сәйкес көрсетіледі.

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы - «Ақмола облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» ММ.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері:

1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекетік корпорация;

2) www.egov.kz. «электрондық үкімет» веб-порталы

арқылы өтініштерді қабылдау және нәтижелерді беру жзүзеге асырылады.

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:

1) өздігінен жүретін шағын көлемді кемені жүргізу құқығына куәлік беру - емтиханды сәтті тапсырған кезден бастап – 2 (екі) жұмыс күні;

2) өздігінен жүретін шағын көлемді кемені жүргізу құқығына куәліктің телнұсқасын беру - құжаттар топтамасын тапсырған кезден бастап – 2 (екі) жұмыс күні;

3) бұрын берілген куәліктің жарамдылық мерзiмi өткен жағдайда өздігінен жүретін шағын көлемді кемелерді жүргізу құқығына куәлікті беру - құжаттар топтамасын тапсырған кезден бастап – 2 (екі) жұмыс күні;

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны - Электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

Қағаз түріндегі өздігінен жүретін шағын көлемдi кемелердi жүргізу құқығына арналған куәлік, өздігінен жүретін шағын көлемдi кемелердi жүргізу құқығына арналған куәліктің телнұсқасы не бас тарту туралы дәлелді жауап.

Ескертпе: Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін қағаз түрінде беру мемлекеттік корпорацияның таңдалған бөлімі арқылы жүзеге асырылады.

Құжаттарды портал арқылы тапсырған жағдайда, дәлелді жауп түріндегі мемлекеттік қызметтін нәтижесі өтініш берушінің жеке кабинетіне жіберіледі.

Мемлекеттік корпорация бір ай ішінде нәтижені сақтауды қамтамасыз етеді, одан кейін оларды көрсетілетін қызметті алушыға одан әрі сақтауға береді. Көрсетілетін қызметті алушы бір ай өткен соң жүгінген кезде, Мемлекеттік корпорацияның сұрау салуы бойынша көрсетілетін қызметті беруші бір жұмыс күні ішінде дайын құжаттарды көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін Мемлекеттік корпорацияға жібіреді.

Мемлекеттік қызметті көрсету ақысыз негізде жеке тұлғаларға көрсетіледі.

Мемлекеттік қызметті берушінің жұмыс кестесі:  

1) Мемлекеттік корпорация - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі - сенбі аралығында, жұмыс кестесіне сәйкес түскі үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін;
Мемлекеттік қызмет жылдамдатылған қызмет көрсетусіз, "электрондық" кезек тәртібімен көрсетіледі, портал арқылы электрондық кезекті броньдауға болады;

2) портал - тәулік бойы (жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда (көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау мен мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру келесі жұмыс күнінде жүзеге асырылады).
Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары:

Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары:

1) Министрлігінің интернет-реурсында: www.miid.gov.kz («Көлік комитеті» бөлімінің «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімшесінде)

2) Мемлекеттік корпорация сайтында: www.gov4c.kz;

3) www.egov.kz. порталында қолжетімді.

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

Мемлекеттік корпорацияға:

1) өздігінен жүретін шағын көлемді кемені басқару құқығына куәлік алу үшін:

осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

кеме жүргізуші мамандығы бойынша оқу орнын бітіргені туралы диплом не осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жергілікті атқарушы органдарда есепте тұрған шағын көлемді кемелердің кеме жүргізушілерін даярлау жөніндегі курстарды бітіргені туралы куәлік (анықтама)*.

ескертпе: * «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 29 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін шағын көлемді кемелердің кеме жүргізушілерін даярлау жөніндегі курстарды ашқан және уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерінде есепте тұрған ұйымдар берген шағын көлемді кемелердің кеме жүргізушілерін даярлау жөніндегі курстарды бітіргені туралы куәліктер (анықтамалар) қолданылу мерзімінің аяқталуына дейін жарамды болып табылады.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген № 083/е нысаны бойынша медициналық анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген);

2,5х3,5 сантиметр өлшемiндегi екi фотосурет;

жеке куәлік немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);

2) өздігінен жүретін шағын көлемді кемені басқару құқығына куәліктің телнұсқасын алу үшін:

осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

2,5х3,5 сантиметр өлшеміндегі бір фотосурет;

жеке куәлік немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);

3) бұрын берілген куәліктің жарамдылық мерзiмi өткен жағдайда өздігінен жүретін шағын көлемді кемелерді басқару құқығына куәлікті алу үшін:

осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

бұрын берілген өздігінен жүретін шағын көлемді кемелерді басқару құқығына куәлік;

№ 083/е нысаны бойынша медициналық анықтаманың көшірмесі;

2,5х3,5 сантиметр өлшеміндегі екі фотосурет;

жеке куәлік немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);

порталға:

4) өздігінен жүретін шағын көлемді кемені басқару құқығына куәлік алу үшін:

осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) немесе көрсетілетін қызметті алушының ұялы байланыс операторы берген абоненттік нөмірі тіркелген және порталдың есепке алу жазбасына қосылған жағдайда, бір реттік парольмен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы электрондық өтініш;

кеме жүргізуші мамандығы бойынша оқу орнын аяқталған туралы дипломның не шағын көлемді кемелердің кеме жүргізушілерін даярлау жөніндегі курстарды бітіргені туралы куәліктің (анықтаманың) электрондық көшірмесі;
№ 083/е нысаны бойынша медициналық анықтаманың электрондық көшірмесі;

№ 073/е нысаны бойынша медициналық анықтаманың көшірмесі;

2,5х3,5 сантиметр өлшеміндегі екі фотосурет (емтиханды сәтті тапсырған жағдайда Мемлекеттік корпорацияға ұсынылады);

5) өздігінен жүретін шағын көлемді кемені басқару құқығына куәліктің телнұсқасын алу үшін:

осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) немесе көрсетілетін қызметті алушының ұялы байланыс операторы берген абоненттік нөмірі тіркелген және порталдың есепке алу жазбасына қосылған жағдайда, бір реттік парольмен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы электрондық өтініш;

2,5х3,5 сантиметр өлшеміндегі бір фотосурет (Мемлекеттік корпорацияға құжаттарды порталға жіберген күні ұсынылады);

6) бұрын берілген куәліктің жарамдылық мерзiмi өткен жағдайда өздігінен жүретін шағын көлемді кемелерді басқару құқығына куәлікті алу үшін:

осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен немесе көрсетілетін қызметті алушының ұялы байланыс операторы берген абоненттік нөмірі тіркелген және порталдың есепке алу жазбасына қосылған жағдайда, бір реттік парольмен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы электрондық өтініш;

бұрын берілген өздігінен жүретін шағын көлемді кемелерді басқару құқығына куәліктің электрондық көшірмесі (мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру кезінде түпнұсқа Мемлекеттік корпорацияға ұсынылады);

№ 073/е нысаны бойынша медициналық анықтаманың электрондық көшірмесі;

2,5х3,5 сантиметр өлшеміндегі екі түрлі-түсті фотосурет (Мемлекеттік корпорацияға құжаттарды порталға жіберген күні ұсынылады).

Көрсетілетін қызметті берушілер цифрлық құжаттарды «электрондық үкімет» веб-порталында тіркелген пайдаланушының ұялы байланысының абоненттік нөмірі арқылы ұсынылған құжат иесінің келісімі болған жағдайда, іске асырылған интеграция арқылы цифрлық құжаттар сервисінен бір реттік парольді беру арқылы немесе «электрондық үкімет» веб-порталының хабарламасына жауап ретінде қысқа мәтіндік хабарлама жіберу арқылы алады».

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер:

 1) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін өтініш беруші ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;

2) өтініш берушінің және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің осы Қағидаларымен белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі.

3) өтініш берушіге қатысты соттың заңды күшіне енген үкімінің болуы, оның негізінде өтініш берушінің мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнаулы құқығынан айырылуы.

Емтихан тапсыруға жіберу тәртібі:

  1. Өтініш беруші Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде құжаттар төлнұсқасы ұсынылады.

   Құжаттарды Мемлекеттік корпорация арқылы ұсынғаннан кейін өтініш берушіге мемлекеттік қызмет стандартының 8-тармағында көрсетілген құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі.

  Өтініш беруші мемлекеттік қызмет стандартының 8-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған жағдайда, Мемлекеттік корпорация қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады және осы Қағидаларға 2-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.

     Құжаттарды Мемлекеттік корпорация арқылы берген кезде Мемлекеттік корпорация қызметкері өтініш берушінің мемлекеттік қызмет стандартының 8-тармағында көрсетілген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсыну мәніне тексергеннен кейін, оны өтініш беруші үшін жұмыс орынымен жабдықталған Мемлекеттік корпорацияның үй-жайына (емтихан класына) емтихан тапсыруға осы Қағидалардың 3-тарауында белгіленген тәртіппен жібереді. Өтініш берушіні емтиханға жіберу мерзімі Мемлекеттік корпорацияда өтініш қабылданған сәттен бастап 1 (бір) сағатты құрайды.

   Құжаттарды портал арқылы ұсынған кезде өтініш берушінің "жеке кабинетіне" мемлекеттік көрсетілетін қызметке сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебесі, сондай-ақ емтихан өткізілетін орны мен уақыты және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін алу туралы хабарлама жіберіледі.

      Портал арқылы құжаттарды толық ұсынбау және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсыну фактісі анықталған жағдайларда, жергілікті атқарушы орган 1 (бір) жұмыс күні ішінде өтінішті одан әрі қарастырудан дәлелді бас тарту береді.

Жергілікті атқарушы орган басшысының қолы қойылған өтінішті одан әрі қараудан бас тарту туралы дәлелді жауап Мемлекеттік корпорация немесе портал арқылы басшының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электронды қағаз немесе құжат нысанында жіберіледі.

Емтихан тапсыруға жіберуден бас тартылған жағдайда онда бас тарту себептерін көрсете отырып, ұсынылған құжаттар өтініш берушіге қайтарылады. Ұсынылған құжаттарды қайтару мерзімі құжаттар келіп түскен күннен бастап бір жұмыс күнін құрайды.

 

  1. Шағын көлемді кемелерді басқару құқығына куәлікті алу үшін өтініш беруші мынадай талаптарды сақтауы тиіс:

1) теріс нәтижесі бар соңғы емтихан тапсыру күнінен бастап жеті жұмыс күнінен кем емес – емтиханды қайта тапсыру уақыт интервалын;

2) кеме жүргізуші курстарын қайталама және курстарды қайта аяқтау мерзімі он екі айдан аспау;

3) он екi ай iшiнде емтихандарды үш реттен артық теріс нәтижемен тапсыру;

4) жергілікті атқарушы органда есепте тұрған шағын көлемді кемелердің кеме жүргізушілерін даярлау жөніндегі курстарды бітіргені туралы куәлікті (анықтаманы)* ұсынуы.

5) құжаттарды тапсыру барысында он сегіз жасқа толуы.

 

  1. Шағын көлемді кемелерді басқару құқығына куәліктен айыру мерзімі өткен соң өтініш беруші осы Қағидалардың 7-тармағында көзделген құжаттарды ұсына отырып, емтихан тапсырады.

Емтихандарды өткізу

  1. Емтихандар өтініш берушінің теориялық білімін тексеру мақсатында өткізіледі.
  2. Емтихандар тиісті жүзу ауданы үшін шағын көлемді кемелердің кеме жүргізушілерін кеме жүргізуге даярлаудың үлгілік бағдарламасы көлемінде және Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 537 бұйрығымен бекітілген Ішкі су жолдарында жүзу қағидалары (бұдан әрі - Ішкі су жолдарында жүзу қағидалары) (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11347 тіркелген), Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 354 бұйрығымен бекітілген Шағын көлемді кемелерді және олар тоқтайтын базаларды (құрылыстарды) пайдалану қағидалары (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11197 тіркелген) бойынша, сондай-ақ адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерін қоса алғанда, кеме мен қозғалтқышты орнату және техникалық пайдалану бойынша тапсырылады.
  3. Емтихандарды өткізу нысаны - дара. Емтихан бір және бірнеше адамнан бір уақытта қабылданады. Бұл ретте бір уақытта емтихан тапсырушы адамдардың саны емтихандар тапсыру үшін жабдықталған жұмыс орындарының санына байланысты шектеледі.
  4. Емтихан тапсырған кездегі сұрақтар саны оннан аспайды. Емтихан тапсыру үшін бөлінген уақыт он бес минутты құрайды.
  5. Емтихан өтініш берушіге арналған жұмыс орындарымен жабдықталған Мемлекеттік корпорация үй-жайында (емтихан класында) өткізіледі.
  6. Емтихан аяқталғаннан кейін өтініш берушінің АЖО-сында оған ұсынылған сұрақтар, сондай-ақ оның таңдаған жауаптары көрсетіледі.
  7. Емтихан барысында автоматтандырылған кешенде ақау анықталған жағдайда, өтініш берушіге қойылған баға жойылады және емтихан қайта өткізіледі.
  8. «Сынақтан өтті» деген баға өтініш беруші белгіленген уақытта сұрақтардың кемінде сексен пайызына дұрыс жауап бергенде қойылады. Олай болмаған жағдайда, өтініш берушіге «сынақтан өткен жоқ» деген баға қойылады.

Ескертпе: «Сынақтан өтті» деген баға өтініш беруші емтиханға келмеген жағдайда да қойылады.

  1. «Сынақтан өткен жоқ» деген бағаны алған адамдар емтихан тапсыруға жеті жұмыс күнінен ерте емес қайта тапсыруға жіберіледі.
  2. Кеме жүргізуші курстары аяқталғаннан кейін он екі ай ішінде немесе он екі ай ішінде үш реттен аса емтихан тапсырмаған адамдар оқу курсын жалпы негіздерде қайта өтеді.
  3. Емтиханды жақсы тапсырған кезде емтихан нәтижесі мен осы Қағидалардың 7-тармағында көрсетілген құжаттар бір жұмыс күні ішінде шағын көлемді кемелерді басқару құқығына куәлікті ресімдеу үшін жергілікті атқарушы органға жіберіледі.

Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар:

 Мемлекеттік көрсетілетін қызмет анықтама бюросы, күтуге арналған креслолар және мүмкіндігі шектеулі өтініш берушілерге қызмет көрсетуге арналған пандустар көзделген ғимаратта көрсетіледі.
Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ болған жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар.

Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы "жеке кабинеті", көрсетілетін қызметті берушінің анықтамалық қызметі, сондай-ақ бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8-800-080-7777 арқылы алуға мүмкіндігі бар.

Цифрлық құжаттар сервисі мобильді қосымшада авторландырылған пайдаланушылар үшін қолжетімді.

Цифрлық құжатты пайдалану үшін электрондық-цифрлық қолтаңбаны немесе бір реттік парольді пайдалана отырып, мобильді қосымшада авторландырудан өту, одан әрі «цифрлық құжаттар» бөліміне өтіп, қажетті құжатты таңдау қажет.

Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша лауазымды адамдардың шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі:

Жергілікті атқарушы органның құрылымдық бөлімшелері қызметкерлерінің шешіміне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым жергілікті атқарушы орган басшысының атына берілуі мүмкін.

 «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабының 2-тармағына сәйкес жергілікті атқарушы органның атына келіп түскен өтініш берушінің шағымы тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен өтініш берушінің шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

 Мемлекеттік корпорация арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде Мемлекеттік корпорация қызметкерлерінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым Мемлекеттік корпорация басшысының атына не ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органға беріледі.

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда арыз беруші Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.