Қазіргі уақытта Басқарма (бұдан әрі – қызмет көрсетуші) «Жолаушыларды облысаралық қалааралық, ауданаралық (облысішілік қалааралық) және халықаралық қатынастарда автобустармен, шағын автобустармен тұрақты емес тасымалдау, сондай-ақ жолаушыларды халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты тасымалдау жөніндегі қызметпен айналысу құқығына лицензия беру» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі - Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандарты) көрсетеді, ол www.egov.kz, www.elincense.kz (бұдан әрі - Портал) арқылы жүзеге асырылады.
Қызмет алушы құжаттарды порталға тапсырған сәттен бастап:
лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру - 5 жұмыс күні;
лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу - 3 жұмыс күні;
лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның телнұсқасын беру – 2 жұмыс күні.
Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны электрондық.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – жолаушыларды облысаралық қалааралық, ауданаралық (облысішілік қалааралық) және халықаралық қатынастарда автобустармен, шағын автобустармен тұрақты емес тасымалдау, сондай-ақ жолаушыларды халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты тасымалдау жөніндегі қызметпен айналысу құқығына лицензия және (немесе) лицензияға қосымша не қайта ресімделген лицензия және (немесе) лицензияға қосымша не лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның телнұсқасы не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны электрондық түрде.
Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі –қызмет алушы) ақылы негізде көрсетіледі.
Лицензиялық алым «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық Кодексі)» 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексінде белгіленген алым мөлшерлемесі бойынша жергілікті бюджетке (қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым бюджеттік сыныптама коды (БСК) 105402) төленеді және:
1) лицензия бергені үшін - алымды төлеген күні қолданылатын үш еселенген айлық есептік көрсеткіш;
2) лицензияны қайта ресімдеу үшін – лицензияны беру кезіндегі мөлшерлеменің 10% - ын;
3) лицензияның телнұсқасын беру үшін - лицензия беру кезіндегі мөлшерлеменің 100% - ын құрайды.
Лицензиялық алымды төлеу екінші деңгейдегі банктер, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы немесе «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы қолма-қол және қолма-қол ақшасыз нысандарда жүзеге асырылады.
Жолаушыларды облысаралық қалааралық, ауданаралық (облысішілік қалааралық) және халықаралық қатынастарда автобустармен, шағын автобустармен тұрақты емес тасымалдау, сондай-ақ жолаушыларды халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты тасымалдау жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесі
1) меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде автобустардың және шағын автобустардың болуын растайтын құжаттардың көшірмелері
2) тасымалдаушыға меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде тиесілі жөндеу-өндірістік базасының не ұйыммен (-дармен) жасалған қызметтер көрсету туралы шарттың болуын растайтын құжаттардың көшірмелері
3) автобустар мен шағын автобустарды рейс алдындағы техникалық байқауды (автомобиль көлігі саласындағы жоғары немесе орта арнайы білім туралы), жүргізушілерді рейс алдындағы (ауысым алдындағы) медициналық байқауды өткізу үшін қызметтер мен білікті персоналдың болуын растайтын құжаттардың не осындай қызметті жүзеге асыратын тиісті ұйымдармен шарттардың көшірмелері
4) тахографов тахографтарды тексеру туралы тиісті сертификаттың көшірмелері
5) автобустар мен шағын автобустар иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартының және тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарттарының көшірмелері
6) жеке тұлға үшін – тиісті санаттағы жүргізуші куәлігінің не заңды тұлға үшін – жүргізуші құрамының тиісті санатындағы жүргізуші куәлігінің, тиісті санаттағы көлік құралдары жүргізушісінің жұмыс өтілін растайтын құжаттың көшірмелері
7) тасымалдауды жүзеге асыру қауіпсіздігіне жауапты тұлғаны анықтау туралы бұйрықтың көшірмесі
Ұсынылған құжаттар топтамасы толық болмаған жағдайда қызметі беруші «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы №202-V Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабы 1-тармағына және Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 12-тармағына сәйкес, өтінішті одан әрі қараудан бас тартуға құқылы.
ҚР «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңының 19-1 б.3 т. сәйкес, қызметі алушы мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту себептерін жойған жағдайда, қызметі алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік қызметті алуға қайта жүгіне алады.
Қызмет алушы ұсынған құжаттар 2015 жылғы 29 қазандағы № 375-V ҚРЗ Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің 137-бабының 3-тармағына, сондай-ақ «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы № 202-V ҚРЗ Заңының 51-бабының 2-тармағына сәйкес, келген кезде қызмет көрсетуші рұқсат және (немесе) рұқсатқа қосымша берілгенге дейін өтініш берушінің біліктілік немесе рұқсат беру талаптарына сәйкестігі тұрғысынан тексеру жүргізеді.
Біліктілік талаптарына сәйкес келмеген жағдайда Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-т 2-тт., Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 16 мамырдағы № 202-V «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Заңының 32-б. 1-т. және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі № 88-V Қазақстан Республикасы Заңының 19-1-б. 2-т. 3) тт. басшылыққа ала отырып, қызметі беруші лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беруден бас тартады.
Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, қызмет алушы Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 17-тармағына сәйкес, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау және бағалау жөніндегі уәкілетті органға өтініш жолдайды.
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша қызмет көрсетушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
Қызмет көрсетушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым көрсетілетін қызмет көрсетуші басшысының атына немесе Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) басшысының атына «Көлік комитеті» бөлімінің «Мемлекеттік қызметтер» бөлімі - www.miid.gov.kz мекенжайлар бойынша беріледі.
Шағым жазбаша нысанда пошта арқылы не кеңсе арқылы қолма-қол, сондай-ақ портал арқылы беріледі.
Қолма-қол, сондай-ақ пошта арқылы келіп түскен шағымның қабылданғанын растау оның кеңседе шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөнін көрсете отырып тіркелуі (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) болып табылады.
Шағымды портал арқылы жіберген кезде көрсетілетін қызмет алушыға пайдаланушының кабинетінен шағым туралы ақпарат қолжетімді болады, ол мемлекеттік органда оны өңдеу барысында жаңартылып отырады (жеткізілгені, тіркелгені, орындалғаны туралы белгі, қарау нәтижелері бойынша жауап немесе қараудан бас тарту).
Қызмет көрсетушінің атына келіп түскен қызмет алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызмет алушыға пошта байланысы жолданады не кеңседе қолма-қол беріледі.
Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, қызмет алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен өтініш берушінің шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, қызмет алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.