МЖӘ жобасына бастамашылық жасау туралы хабарлама

МЖӘ жобасына бастамашылық жасау туралы хабарлама

 «Ақмола облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» ММ көлік саласындағы келесі мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы туралы хабарлайды:

«Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» ҚР 2015 жылғы 31 қазандағы Заңының 44-бабына сәйкес, әлеуетті жекеше әріптеспен мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасына бастамашылық жасау туралы хабарланады.

Жоба «Көкшетау қаласы автопаркін жаңарту».

Жобаны іске асыру кезеңі: 2021-2031 жж.

МЖӘ жобасының алдын ала мерзімі 10 жыл құрайды.

Қызмет түрі: көлік салаында.

Бюджеттен төленетін болжамды төлемдер және (немесе) мемлекеттік қолдау шаралары: 15% мөлшерінде МЖӘ жобасын қосып қаржыландыру (қайтарылатын) және әлеуметтік маңызы бар жолаушылар тасымалдарын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушылардың шығындарын бюджет қаражаты есебінен субсидиялау қағидасына сәйкес шығындарды өтеу.

Аймақта тауарлар, жұмыстар және қызметтерге нақты қажеттілік: Көкшетау қаласының жолаушылары үшін қоғамдық көлікте қауіпсіз және жайлы жүру.

Жобаның техникалық күрделі және (немесе) бірегей жобаға жатуы: жатпайды.

Жекеше әріптестер МЖӘ-ке келесі түрде қатысады: «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» ҚР 2015 жылғы 31 қазандағы Заңның 31-бабына сәйкес тікелей келіссөздер.

Жобаны ЖӘ өз және қарыз қаражаты есебінен іске асыру жоспарланып отыр. МЖӘ жоспарланған жобасын іске асыруға қызығушылық білдірген әлеуетті жекеше әріптестер баламалы ұсыныстар жасай алады.

Жоспарланған МЖӘ жобасын іске асыруға мүдделі әлеуетті жекеше әріптестер хабарламада көрсетілген талаптарға сәйкес, сондай-ақ «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлаудың және іске асырудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі м.а. 2015 жылғы 25 қарашадағы № 725 бұйрығының 130-тармағында көрсетілген, әлеуетті жекеше әріптесті айқындау бойынша тікелей келіссөздерге қатысуға өтінімге балама ұсыныстар жасайды.

Әлеуетті жекеше әріптес келесі жалпы біліктілік талаптарына сәйкес болуы қажет:

1) құқық қабілеттілігінің (заңды тұлғалар үшін) және азаматтық әрекет қабілеттілігінің (дара кәсіпкер үшін) болуы;

 2) төлем қабілеттілігінің болуы, салық берешегінің болмауы;

 3) мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты бойынша міндеттемелерді орындау үшін қажетті қаржылық және (немесе) материалдық және (немесе) еңбек ресурстарының болуы;

4) банкроттық не тарату рәсіміне жатпауға, баланстық құны тиісті негізгі қаражат құнының он пайызынан асатын мүлкіне тыйым салынбауға тиіс, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оның қаржылық-шаруашылық қызметі тоқтатыла тұрмауға тиіс;

5) соңғы үш жыл ішінде жасалған мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары бойынша міндеттемелерді орындамағаны және (немесе) тиісінше орындамағаны үшін жосықсыз әлеуетті жекеше әріптес деп тану туралы заңды күшіне енген сот шешімі негізінде жауаптылыққа тартылмауға тиіс.

«Ақмола облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» ММ баламалы ұсыныстарды аталған хабарлама жарияланған күннен бастап 30 күнтізбелік күн ішінде қабылдайды.

Анықтама үшін: «Ақмола облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» ММ, мекенжай: Абай к-сі, 89, тел.: 8 (716 2) 25-10-40, 25-07-29, 25-18-65; Факс: 8 (716 2) 25-10-40; e-mail: transp@aqmola.gov.kz.